"Барыс" Екатеринбург клубын үшінші рет ұтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барыс" Екатеринбург клубын үшінші рет ұтты Фото hc-avto.ru сайтынан алынды

"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының "Шығыс" конференциясындағы ширек финалдық додасында "Автомобилист" клубын үшінші рет тізе бүктірді. Бұл жолы – Екатеринбургте, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Барыс" Астанадағы екі ойында да қонақтарын әзер ұтқан еді. Екі матчтың да негізгі уақыты тең аяқталып, тек овертаймда бағы жанған. Екатеринбургтегі алғашқы матч та елордадағыдай шектен тыс шиеленісті өтті. Бұл ойында үш-ақ гол соғылды. Әрі әр кезеңде – бір голдан. Соның екеуі – Қазақстан клубы ойыншыларының еншісінде. Есепті бірінші болып айдын иелері, яғни "Автомобилист" клубының плей-оффтағы сұрмергені А.Чернов ашты. Екінші кезеңнің басында Константин Руденконың тамаша пасын Константин Романов қақпаға сүңгітті. Ал үшінші кезеңнің аяғына қарай Руденконың өзі гол соқты. Бірақ бұл голдың соғылуына Николай Антроповтың қосқан үлесі көп болды. Ол еңгерзедей денесімен "Автомобилист" қақпашысының алдына тұрып алып, көзін "байлады". Осы гол соғылғанда ойынның аяқталуына төрт минутқа жуық уақыт қалған. Содан айдын иелері қамшыны басты. Қарқындарын үдетіп, тайлы-таяғымен алға қарай лап қойды. Төрешілер де оларға "болысып", біздің бір ойыншымызды айдыннан қуды. Осыны пайдаланып, айдын иелері құйындай орап соқты. Тіпті соңғы секундтарда қақпашысын алтыншы ойыншыға алмастырып, "Барысты" қыспаққа алды. Абырой болғанда, "Барыс" айдын иелерінің толассыз шабуылдарына төтеп беріп, жеңіске жетті. Сонымен жалпы есеп – 3:0. "Барысқа" енді бір жеңіс керек. Тұңғыш рет ширек финалға шығу мәртебесіне бір ғана жеңіс қажет! Жалпы есеп: "Барыс" – "Автомобилист" – 3:0 (3:2 ОТ; 5:4 ОТ; 2:1)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети