"Барыс" ресейлік "Югра" командасын жеңді

© ВКонтакте

??рлы?ты? хоккей лигасында ба? сынайтын "Барыс" Ханты-Мансийскіде "Югра" командасынан басым т?сті. Елордалы? ?жым м?з айдын иелерін 4:2 есебімен ?тты, - деп хабарлайды Мassaget.kz

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Ханты-Мансийскіде "Югра" командасынан басым түсті. Елордалық ұжым мұз айдын иелерін 4:2 есебімен ұтты, - деп хабарлайды Мassaget.kz

Ойында "Барыс" хоккейшілері жылдам есеп ашты. Ойыншы басымдығын сәтті пайдаланып, Найджел Доус "Югра" қақпасына алғашқы шайбаны соқты. Мұз айдын иелері екінші кезеңде таразы басын теңестірді. Нәтижесінде екі кезең бойынша командалар 1:1 есебімен тең түсіп шықты.

Үшінші кезеңді "Барыс" ширақ бастады. 44 минутта Нұрсұлтан Белгібаев белсеніп, елордалық ұжымды алға шығарды. Алайда араға 1 минут сала Павел Варфоломеев  есепті теңестіріп кетті. 48 минутта Александр Липин "Барысты" үшінші рет алға шығарды. Ойын соңындағы қарымта шабуылда Найджел Доус есепті еселей білді. Нәтижесінде қазақстандық клуб екінші ойын қатарынан жеңіске қол жеткізіп отыр. 7 желтоқсан күні олар Екатеринбургте "Автомобилисті" ұтқан еді.

Реклама
Реклама

"Барыс" келесі ойынын да қонақта өткізеді. 12 желтоқсан күні Қытайдың "Кунлунь Ред Стар" клубымен кездеседі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама