07 желтоқсан 2016 23:08

"Барыс" ресейлік "Автомобилист" командасын тізе бүктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ВКонтакте © ВКонтакте

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" сырт алаңда Екатеринбургтің "Автомобилист" командасын ұтты. Ойында қазақстандық клуб қарсыластарынан 4:3 есебімен басым түсті, - деп хабарлайды Мassaget.kz.


Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" сырт алаңда Екатеринбургтің "Автомобилист" командасын ұтты. Ойында қазақстандық клуб қарсыластарынан 4:3 есебімен басым түсті, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Бірінші кезеңде "Барыс" мұз айдын иелерін екі шайба басымдығымен ұтып шықты. 7 минутта Иван Кучинмергендігімен көзге түссе, 12 минутта Роман Старченко шайба авторы атанды.

Екінші кезеңде командалар екі-екі шайбадан соқты. "Автомобилист" сапынан Артем Гареев пен Алексей Симаковкөзге түссе, "Барыстан" Кори Тривино мен Константин Пушкаревтің нәтижелі соққылары есепке алынды.

Үшінші кезеңде мұз айдын иелері сапынан Артем Гареев дубль авторы атанып, есепті қысқартты. Одан кейінгі аралықта есеп өзгермеді. Нәтижесінде "Барыс" плей-офф кезеңіне шығудағы басты қарсыласын ұтып, маңызды ұпайын иеленді.

Елордалық ұжым келесі ойынын 9 желтоқсан күні Ханты-Мансийскіде "Югра" командасына қарсы өткізеді. Ойынды "KazSport" арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети