"Барыс" хоккейшісі қарсыластар қақпасына ең жылдам шайба салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барыс" хоккейшісі қарсыластар қақпасына ең жылдам шайба салды Виктор Сведберг. Сурет "Барыс" ресми сайтынан

"Барыс" сапында өнер көрсетіп жүрген Виктор Сведберг осы маусымдағы ең жылдам шайбаны салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барыс" сапында өнер көрсетіп жүрген Виктор Сведберг осы маусымдағы ең жылдам шайбаны салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін "Барыс" өз алаңында мәскеулік "Спартакты" қабылдады. Ойын 4:5 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойында бірінші болып қазақстандық команда есеп ашты - құрлықтық хоккей лигасында бойы ең ұзын (бойы 204 сантиметр) хоккейші Сведберг мәскеулік команданың қақпасына 29-шы секундта шайба салып кетті. 

Осыған дейін, "Барыс" екі рет 39-шы секундта шайба салған еді: 29 қыркүйекте сұрмерген Патрис Кормье ригалық Динамо" клубына қарсы ойында (7:3) қақпадан саңылау тапты, ал 10 қаңтарда қорғаушы Алексей Маклюков "Кунлунь" қақпасына (1:3) шайба салды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети