"Барыстың" шабуылшысы Роман Старченко қатардан шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барыстың" шабуылшысы Роман Старченко қатардан шығып қалды Роман Старченко. Фото hcbarys.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының және Астананың "Барысының" шабуылшысы Роман Старченко бүгін кешке ҚХЛ аясында Омбының "Авангардымен" өтетін матчқа қатыспайды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының және Астананың "Барысының" шабуылшысы Роман Старченко бүгін кешке ҚХЛ аясында Омбының "Авангардымен" өтетін матчқа қатыспайды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Мұны Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Қазақстан клубының баспасөз қызметі өткен жолғы Уфаның "Салават Юлаевымен" болған матчта Романның жарақат алып қалғанымен түсіндіреді. Старченко кеудесін жарақаттап алып, белгісіз мерзімге қатардан шығып қалған. Оның жарақатының ауырлығы, мұзайдынға қайта оралар мерзімі туралы мәлімет жоқ.

Қосарымыз, екінші бестіктің қапталдағы шабуылшысы Роман Старченко ҚХЛ-дың биылғы маусымында 29 ойын өткізді. Осы кездесулерде сегіз гол соғып, бес рет нәтижелі пас берді. Тиімділік көрсеткіші: "–8"

Естеріңізге сала кетейік, "Барыс" осыдан екі күн бұрын түзде "Салават Юлаев" клубынан ұтылып қалған болатын. Бұл - олардың екінші рет қатарынан жеңіліске ұшыраулары. Бүгін елордалықтар Омбыда "Авангард" клубымен кездеседі. Букмекерлердің бұл ойында "Омбы клубы жеңеді" деген болжамдары басым.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети