18 наурыз 2014 12:56

Бойжеткендер арасындағы әлем чемпионаты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет iihf.com сайтынан Сурет iihf.com сайтынан

Ертең Польшада шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Онда Қазақстан бойжеткендері де сынға түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бірден айтайық, бұл – 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы електік сыны. Түсінікті болу үшін таратып айтар болсақ, әлем чемпионатының екінші, тіпті ең төменгі – тобы. Бұдан жоғары бірінші топ бар, ал одан әрі – жоғары дивизион. Қазақстан қыздары бірнеше жыл болды, осы електік сыннан бірінші топқа да көтеріле алмай жүр. Шындығын айтуымыз керек, біздің елде жас қыздар тым аз. Бәсекелестік жоққа тән. Біле білсек, осы жас мөлшерінде Қазақстан қыздар құрамасын толық құрамда жасақтаудың өзі мұң... Негізі, електік сынға қатысу үшін құрама сапында 18 ойыншы, екі қақпашы болуы керек. Ал біздің бойжеткендер құрамасы сапында биыл – 17 ойыншы, 2 қақпашы. Бұған да шүкір деп отырмыз. Себебі 2012 жылы Ұлыбританияда өткен бірінші дивизионның електік додасына біздің құрама 15 бойжеткенмен ғана барған. Қыздар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы електік сынында алты құрама додаға түсіп, бірінші дивизион жолдамасына таласады. Електік сында Қазақстан қыздарымен бірге Австрия, Италия, Польша және Қытай бойжеткендері бақ сынайды. Қазақстан қыздарының ойындар күнтізбесі төмендегідей (Астана уақытымен): 19 наурыз, 21:30 Қазақстан – Польша 20 наурыз, 21:30 Қазақстан – Австрия 22 марта. 18:00 Қазақстан – Италия 23 марта. 21:30 Қазақстан – Қытай 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының сапы: қақпашылар – Татьяна Можаева, Диана Ткаченко (екеуі де – "Айсұлу"); қорғаушылар – Мадина Тұрсынова, Софья Кузнецова, Ева Богдашова (бәрі де – Спортқа дарынды жасөспірімдер мен балалар спорт мектебі, Алматы), Лейла Морозова, Марина Попова, Александра Феклистова (бәрі де – "Устинка", Өскемен); шабуылшылар – Пернеш Әшімова, Аида Олжабаева, Малика Алдабергенова, Валерия Сидоренко (бәрі де – СДЖБСМ), Әлия Қалиула, Карина Фельзинк Надежда Филимонова, Татьяна Лихаус (бәрі де – "Айсұлу"), Эльвира Рамазанова, Валерия Каменская, Ксения Бушуева (бәрі де – "Устинка"). Бас бапкер – Сергей Соловьев Жаттықтырушы – Ирина Могильникова

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети