Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Франция хоккейшілерімен екінші рет кездесіп, тағы да ұтылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Франция хоккейшілерімен екінші рет кездесіп, тағы да ұтылып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Осыдан бір күн бұрын 1:3 есебімен есе жіберіп алса, бүгін түнде 3:5 есебімен жеңіліске ұшырады. Бұл ойында біздің қақпаны Виталий Еремеев қорғап, голдарды Роман Старченко (екі рет) және Талғат Жайлауов соқты.
Жалпы, биылғы маусымда біздің хоккейшілер Франция құрамасымен үш рет кездесті. Ақпан айында Францияның Бриансон қаласында өткен "Еурошақырылым кубогы" додасында "Үш жолақтылар" құрамасын 4:2 есебімен тізерлеткен болатын. Ал әлем чемпионатына дайындық барысында екі рет ұтылып отыр.
Бұл ресми ойындар емес, сондықтан жолдастық кездесулерде жеңілгендеріне өкпе арта алмаймыз. Ең бастысы, 9 мамыр күні Минскіде басталатын әлем чемпионатында көңілге қонымды ойын өрнегін көрсетіп, жоғарғы дивизиондағы орындарын сақтап қалса, болды.
Франция құрамасымен өткен екінші жолдастық кездесуде бапкерлер құрамы барлық бестіктердегі хоккейшілерді ауыстырып, команда құрамын тағы да сапырылыстырды. Мысалы, бұл жолы біздің хоккейшілеріміз мұзайдынға мына құрамда шықты:
Виталий Еремеев;
Алексей Литвиненко – Кевин Даллмэн, Вадим Краснослободцев – Николай Антропов – Роман Старченко;
Артемий Лакиза – Владимир Гребенщиков, Талғат Жайлауов – Дмитрий Уппер – Константин Романов;
Антон Казанцев – Алексей Васильчеко, Михаил Рахманов – Федор Полищук – Константин Пушкарев;
Владислав Колесников – Максим Семенов, Алексей Анциферов – Андрей Спиридонов – Евгений Рымарев.