22 сәуір 2015 | 19:45

Хоккейден Қазақстан құрамасы Жапония командасын ірі есеппен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Icehockey.kz @Icehockey.kz

Қазақстан құрамасы хоккейден Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатында Жапония құрамасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан құрамасы хоккейден Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатында Жапония құрамасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның екінші минутында Кевин Даллмэн есеп ашты. Содан 4 минут өткен соң Федор Полищук есепті екі еселеді. Үзіліске 57 секунд қалғанда Роман Старченко жапондардың қақпасына тағы бір шайба кіргізді. Екінші периодта командалар есеп айырысқан жоқ, тек соңғы периодтың басында жапон хоккейшісі Шихей Куджи командасының еншісіне бір шайба жазып берді. Дегенмен, бір минут өтпей жатып Старченко екінші шайбасын кіргізді. Бұдан соң Констатин Руденко, Евгений Рымарев пен Полищуктер бір шайбадан кіргізді. Бұлардан соң жапон спортшысы Го Танако командасына тағы бір ұпай алып берді.

Айта кетейік, Назаровтың командасы үш ойында тоғыз ұпайға ие болып, тобында көш бастап тұр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети