Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиада-2018 соңғы іріктеу кезеңінде Италия командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиада-2018 соңғы іріктеу кезеңінде Италия командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 4-ші қыркүйекте норвегиялық Осло қаласында өтті. Ойынның қорытындысы бойынша Андрей Назаровтың командасы қарсыластарын 3:2 есебімен жеңді. Қазақстандықтардан қарсыластар қақпасын шайба салғандар: Максим Худяков (9-шы минут), Брэндон Боченски (29-шы минут) және Роман Старченко (57-ші минут). Италиялықтардан көзге түскендер Джулио Сканделло (7-ші минутта) және Томаззо Траверса (38-ші минут).
Осыған дейін, қазақстандық хоккейшілер овертаймда Норвегия командасын 4:3 есебімен жеңіп, Франция құрамасынан 1:4 есебімен жеңілген.
Осыған орай, Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша бес ұпай жинап екінші орынан аса алмайды. Топтың жеңімпазы Франция-Норвегия құрамаларының кездесуінен кейін белгілі болды. Осы командалардың біреуі Олимпиада-2018 ойынына қатысады.