Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы екінші матчында Ресей командасынан ұтылды, - деп хабарлайды Vesti.kz. А тобындағы кездесу бүгін, 8 мамырда Мәскеудегі Мұз сарайында өтіп, 6:4 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Қазақстандықтардың бастапқы кезде тартысты ойын көрсете алғанын атап өту керек.

Спорт порталының мәліметінше, бірінші кезеңде командалар жалпы алты шайба соғып, нәтижелі ойын көрсетті. Оның бесеуін хоккейшілер бес минут ішінде соқты.
Матчта бірінші болып айдын иелері есеп ашты. Алтыншы минутта Евгений Дадонов әлем чемпионатындағы бірінші шайбасын салды. Сегізінші минутта Дастин Бойд ұлттық құрама үшін бірінші шайбасын салды, ал бір минут өткенде Роман Старченко қазақстандықтарды алға шығарды. Бірақ келесі шабуылында Роман Любимов есепті теңестірді. 11-ші мнутта Сергей Мозякин есепті 3:2-ге жеткізді.
Қазақстандықтан кезеңнің соңында камбэк жасай білді. Үзіліске 14 секунд қалғанда Евгений Рымарев қазақстандықтардың үшінші шайбасын соқты.
Екінші кезеңде ресейліктер шайбаға көп уақыт иелік етіп, жиі шабуылдады. Андрей Назаровтың шәкірттері қарсыластың шабуылдарын 38-ші минутқа дейін қайтарды, алайда қазақстандықтардың арасында Никита Иванов ойыннан тыс қалып қойды. Сөйтіп, турнир иелері көптігін пайдалана отырып, бір ұпай алды. Антон Белов Ресейді алға шығарды. Есеп 4:3. Қорытынды кезеңде Максим Семенов есепті теңестіре білді.
Алайда 44-ші минутта Белов дубль жасап, Ресей құрамасын 5:4 есебімен алға шығарды. Тағы бес минут өткенде ресейліктер тағы бір шайба салды. Бұл есеп ойынның соңына дейін өзгермеді. Есеп 6:4.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Мәскеудегі турнирді бірінші жеңілісіне ұшырады. Келесі матчты қазақстандықтар 10 мамырда Норвегия командасына қарсы өткізеді.