Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы канадалықтардан ірі есеппен жеңілді

01 Ақпан 2017, 22:59
0
© Бауыржан Жақсымбет
© Бауыржан Жақсымбет

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада жарысында хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы топтық кезеңде Канададан ірі есеппен жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.  

Қазақстандық хоккейшілер 11 шайба жіберіп, қарсылас командаға бірде-бір шайба соға алмады. 

Канадалықтар бірінші және екінші жиырма минутта үш шайбадан жіберіп, үшінші таймда Қазақстан қақпасына бес шайба салып кетті. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы Универсиада медалі үшін таласты тоқтатты. Бұл топтық кезедсудегі соңғы ойын болатын. Келесі кезеңге өту үшін Қазақстан құрамасы канадалықтарға бес шайба артық салу керек болған. 

Үш кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық хоккейшілер үш ұпай иеленді, ұлыбританиямен ойын 11:0есебімен ұтқан отандастарымыз, қытай қыздарына (1:4) есе жіберіп алды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай