Шайбалы хоккейден биыл бесінші рет ұйымдастырылғалы отырған "ҚР Президенті кубогы" халықаралық турниріне төрт команда қатысады. Ойындар кестесі бекітіліп те қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шайбалы хоккейден биыл бесінші рет ұйымдастырылғалы отырған "ҚР Президенті кубогы" халықаралық турниріне төрт команда қатысады. Ойындар кестесі бекітіліп те қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
9-13 тамыз аралығында өтетін биылғы дәстүрлі мұзайдын додасына "Барыс" (Астана, Қазақстан), "Авангард" (Омбы, Ресей), "Металлург" (Новокузнецк, Ресей) және "Нефтехимик" (Нижнекамск, Ресей) клубтары қатысып, бас бәйгені сарапқа салады.
Әрине, бізге салса, "Сарыарқа" (Қарағанды) және "Қазцинк-Торпедо" (Өскемен) клубтарын да қосар едік. Бірақ Құрлықтық хоккей лигасындағы азулы клубтардың маусым аралығында басқа лиганың командалары ойнайтын турнирлерге қатысқылары келмейтіндерін білеміз.
Ал дәстүрлі доданың өткізілу тәртібіне келер болсақ, әуелі төрт команда бір айналымдық жүйемен бір-бірімен кездесіп шығады. Содан соң 3-4 орындарға орналасқан командалар ІІІ-орын үшін додаға түседі де, 1-2 орындарға ие болғандар финалда бас бәйгені сарапқа салады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі төрт рет кубокта "Барыс" үш рет топ жарып, жеңімпаз атанған болатын.
Жалпы, бесінші "ҚР Президенті кубогы" халықаралық турнирінің ойындар күнтізбесі төмендегідей:
9 тамыз:
12:00. "Нефтехимик" – "Авангард"
17:00. "Барыс" – "Металлург"
10 тамыз:
12:00. "Металлург" – "Авангард"
17:00. "Барыс" – "Нефтехимик"
12 тамыз:
14:00. "Металлург" – "Нефтехимик"
19:00. "Барыс" – "Авангард"
13 тамыз:
14:00. ІІІ-орын үшін
19:00. Финал