30 қараша 2018 | 13:48

Хоккейші қарсыласының жоғалтқан тісін тауып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Zimbio © Zimbio

Ұлттық хоккей лигасында "Нью-Йорк Айлендерс" клубының канадалық қорғаушысы Джонни Бойчак "Бостон Брюинс" командасында өнер көрсететін қарсыласының тісін қайтарып берді. Осы оқиғаның видеосын журналист Брэди Троттенеро Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. 


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық хоккей лигасында "Нью-Йорк Айлендерс" клубының канадалық қорғаушысы Джонни Бойчак "Бостон Брюинс" командасында өнер көрсететін қарсыласының тісін қайтарып берді. Осы оқиғаның видеосын журналист Брэди Троттенеро Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. 

"Брюинс" сапында өнер көрсететін чехиялық сұрмерген Давид Крейчи ойын барысында "Айлендерс" қорғаушысы Тамас Хикимен соқтығысып, бір тісінен қағылды. Бойчак мұз үстінде жатқан тісті алып, қарсыластары отырған бұрышқа барып, тісті иесіне қайтарып берді. Ойын 2:1 есебімен "Брюинс" пайдасына шешілді. 

34 жастағы Бойчак 2008-2014 жылдары аралығында "Брюинс" командасының намысын қорғаған. Крейчи болса бостондық клубта 2006 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети