Хоккейшілеріміз бір саты төмен сырғыды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қазақстан – Словения кездесуі. Фото: iihf.com Қазақстан – Словения кездесуі. Фото: iihf.com

Сочи Олимпиадасынан кейін Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы бүкіләлемдік рейтингті қайта түзді. Ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа рейтингте бір саты төмен сырғыды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа рейтинг 2014 жылғы Олимпиада ойындары мен соңғы төрт әлем чемпионатының (2010-2013 жж.) қорытындылары негізінде түзілген. Енді бұл рейтинг мамыр айындағы әлем чемпионатынан кейін қайта жаңартылады. Ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы бір саты сырғып, 17-орынға орналасты. Біздің хоккейшілерді 16-орыннан ығыстырған – Словения құрамасы. Олар Сочи Олимпиадасында тәп-тәуір өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жетті. 12 команданың ішінде 5-8 орындарды бөліскен төрт құраманың бірі болды. Біздің құраманың жаңа түзілген бүкіләлемдік рейтингтегі ұпайы – 2900. Словения 17-орыннан 14-орынға көтерілді. Көш басында – Швеция құрамасы. Олар Сочи Олимпиадасында финалға шыққандарының арқасында бірінші орында қалды. Олимпиада чемпионы атанған Канада хоккейшілері екі саты жоғарылады. Жалпы, біздің құрамаға дейінгі 16 орынға мына елдердің хоккейшілері орналасқан: Швеция (4000 ұпай), Финляндия (3905), Канада (3840), Ресей (3840), Чехия (3760), АҚШ (3705), Швейцария (3555), Словакия (3485), Норвегия (3350), Латвия (3295), Германия (3260), Франция (3065), Дания (3050), Словения (3045), Беларусь (3030), Австрия (2985). Ал әйелдер арасындағы бүкіләлемдік рейтингте Қазақстан қыздары 2110 ұпаймен 15-орында тұр. Сочи Олимпиадасынан кейін олар да бір саты төмен ығысты. Көш басында – Канада арулары (2960 ұпай). Өкініштісі, кейінгі жылдары қарқындарын үдеткен Азиядағы басты бәсекелестеріміз хоккейші қыздарымыздан ұзап барады. Атап айтқанда, қазір Жапония 9-орынға, ал Қытай 14-ші орынға көтерілді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro