Братина кубогының биылғы маусымдағы финалы да ұзаққа созылатын сияқты. Төртінші ойында "Сарыарқа" сүрініп, "Рубин" жалпы есепте таразы басын теңестірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Братина кубогының биылғы маусымдағы финалы да ұзаққа созылатын сияқты. Төртінші ойында "Сарыарқа" сүрініп, "Рубин" жалпы есепте таразы басын теңестірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Сарыарқа" мен "Рубин" Қарағанды – Тюмень арасына арлы-берлі жөңкілулерін одан әрі соза түсті. Алғашқы төрт ойында бірін-бірі алма-кезек ұтып, жалпы есепті тепе-тең күйде ұстап келеді.
Қарағандыда өткен екінші матчта, екеуара төртінші кездесуде "Сарыарқа" 2:4 есебімен ұтылып қалды. Үшінші ойында жеңіске жеткен соң, "енді өз жанкүйерлері алдында тағы бір рет жеңіске жетіп, жалпы есепте ұзай түссе, түмендіктер түңілер" деп ойлағанбыз.
Бірақ "Сарыарқа" хоккейшілері үшінші матчтан сабақ алмапты, ойын басында сылбыр қимылдап, қонақтарын тағы да екі шайба айырмасымен алға шығарып алды. Бірақ тура үшінші кедесудегідей есепті тез теңестірді. Алайла одан кейін кежегелері кейін тартып, өз қақпаларына тағы да екі гол жіберіп алды.
Жартылай финалда азулы "Торостың" өзін төрт-ақ ойында жолынан тайдырған, бронды танкіге теңелген "Сарыарқа" финалда "Рубинді" "таптап" кете алар емес...
Көреміз, енді қалай боларын. "Сарыарқа" сенеміз. Үмітімізді үзбейміз.
"Сарыарқа" – "Рубин" – 2:4 (0:1, 2:1, 0:2).
Голдар:
0:1 – Сандер (Гайдаш), 06:41.
0:2 – Зюзякин (Ячменёв, Красовский), 24:29.
1:2 – Ломако (Васильев, Махо), 26:50.
2:2 – Кузьмин (Ломако, Махо), 31:34.
2:3 – Громов (Трифонов), 48:41.
2:4 – Голованов (Акифьев), 54:56.
Қақпашылар: Ковач – Франскевич.
Соққылар: 27 (7+10+10) – 32 (10+10+12)
Айып уақыты: 6 (0+2+4) – 6 (4+2+0).
Финал:
/3/ "Рубин" (Тюмень) – /4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) – 2:2 (3:1, 0:4; 2:3 ОТ, 2:4, 26.04, 28.04, 30.04)