03 наурыз 2018 09:25

Қарсыласы конькимен 16 жастағы қазақстандықтың тамағын кесіп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Снежные Барсы" клубының қақпашысы "Мамонты югры" командaсымен өткен матчта жарақат алып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Снежные Барсы" клубының қақпашысы "Мамонты югры" командaсымен өткен матчта жарақат алып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, матч кеше, 2 наурызда Астанада өтті. Кездесу қорытындысы бойынша "Мамонты югры" клубы 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 55-ші минутында "Мамонты югры" клубының қорғаушысы Дмитрий Юшкевич абайсызда конькиімен қақпашы Прокофьевтің тамағын кесіп алды. Абырой болғанда, Прокофьев қатты жарақат алған жоқ, бірақ ол ойыннан шықты. Оның орнына Дмитрий Каратаев шықты.

16 жастағы Прокофьев биылғы маусымда Халықаралық Хоккей лигасына алғаш рет қатысып отыр. Қазақстандық осыған дейін 12 матч өткізіп, 40 шайбаны өткізіп алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети