Қашан өз таланттарымызға мүмкіндік береміз?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет hcbarys.kz сайтынан Сурет hcbarys.kz сайтынан

Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф додасы алдында «Барыс» құрамына «Снежные барсы» командасынан үш хоккейші шақыртыпты. Олар – шабуылшылар Антон Сағадеев пен Ярослав Евдокимов және қорғаушы Никита Церенок, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әуелі «Барыстың» ізбасарлары болап табылатын «Снежные барсы» командасына қысқаша тоқталып өтейік. Бұл команда 2011 жылы Қазақстан хоккей федерациясының басшысы А.Маминнің тапсырмасымен құрылған. Сол жылдан бері, яғни 2011/2012 жылдар маусымынан бастап Жастар хоккей лигасында ойнап жүр. Мақсат – жас жеткіншектерді деңгей жоғары додада шыңдап, болашақта «Барыстың» намысын қорғайтын таланттар тәрбиелеу. Бұл мақсат орындала ма, жоқ па белгісіз, оны уақыт көрсетер... Өйткені күні бүгінге дейін «Снежные барсы» сапынан «Барыс» құрамына алынып, үздіксіз ойнап жүрген – Михаил Рахманов қана. Соңғы ойындарда Владимир Гребенщиков та мұзайдынға жиі шығып жүр. Негізі, осы Рахмановтың өзінің команда сапына ілігуі кішігірім жыр болған. Құрлықтық хоккей лигасында «әрбір ойында әр команда сапында екі жас хоккейші болуы керек» деген қатаң талап бар. Рахманов осы талап негізінде «Барыстың» негізгі құрамына іліккен. Оның өзінде, әу баста ресейлік Филипп Савченкоға үміт артылды. Содан, былтыр отандық журналистер «ресейлік жас шабуылшы Филип Савченкодан өзіміздің дарынды шабуылшымыз Рахмановтың несі кем» деп, мәселені төтесінен қойды. Осылай байбалам салудың арқасында Рахмановқа мүмкіндік беріліп, ол бапкерлер сенімін абыроймен ақтап жүр. Биыл да мұзайдынға Рахманов шығып жүр. Әу баста (жаңа жылға дейін) екінші ойыншы ретінде қақпашы Павел Полуэктов тіркелетін. Қосалқы қақпашы болса да, екінші жас ойыншының орны осылай жабылып жүрді. Бірақ Полуэктов 20 қаңтарда 22-ге толды. Сондықтан содан бері қатарға Владимир Гребенщиков қосылды... Өкінішке қарай, былтыр аракідік «Барыс» сапында Құрлықтық хоккей лигасы додасының дәмін татып, қайсыбір ойындарда хаттамаға тіркелген Данияр Қайыров, Дамир Мұқанғалиев сынды жастарымыз биыл мүлде көрінбей кетті. Енді, міне, Құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф додасы алдында «Барыс» құрамына «Снежные барсы» командасынан үш хоккейші шақыртыпты. Олар – шабуылшылар Антон Сағадеев пен Ярослав Евдокимов және қорғаушы Никита Церенок. Жанға бататыны – бұлардың соңғы екеуі ресейлік жастар. Бірақ «Никита Церенок Қазақстан азаматтығын алып, біздің елдің намысын қорғауға келісім берді» деп естідік. Дұрыс дейік. Себебі бізде Никитадай еңгерзедей ойыншылар жоққа тән. Әрі ол биылғы маусымда «Барыс» сапында екі ойын өткізді. Десек те, біз «Барыс» сапынан Данияр Қайыров, Есмұханбет Төлепберген, Дамир Мұқанғалиев сынды таланттарымызды да көргіміз келеді. Келесі маусымда Мадияр Ибрайбеков, Нұрлан Қабиев, Асхат Баубеков, Иван Кинстлер, Никита Михайлис, Артём Лихотников, Семён Кошелев, Кирилл Савицкий, Юрий Сергиенко, Иван Степаненко, Владимир Межебицкий сынды таланттарымызда «Барыс» сапында шыңдала берсе дейміз. Себебі осы жігіттер қазақ хоккейінің болашағы болулары тиіс...

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.1  course up  588.04  course up  6.35  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro