26 наурыз 2014 | 22:03

Қазақстан хоккейінің финалында – "Ертiс" пен "Арлан"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет hc-ertic.kz сайтынан Сурет hc-ertic.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден Павлодардың "Ертiсі" мен Көкшетаудың "Арланы" Қазақстан чемпионатының финалында кездесіп, саф алтынды сарапқа салатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Плей-офф жүйесімен жалғасып жатқан ел чемпионатының жартылай финалдық ойындары толықтай аяқталды. Екі жұптағы мұзайдын додасы да 4:1 есебімен аяқталды. Екі жұпта да ақтық сынның жолдамасы бес-ақ ойында шешілгенімен, жартылай финалдық ойындардың барлығы дерлік шектен тыс тартысты өтті.

"Ертiс" - "Арыстан" (Теміртау) жұбында павлодарлықтардың жеңіске жететіндігіне ешкім де күмән келтірмеген болар. Десек те, Теміртау клубы намысты қолдан берген жоқ. Аталған екі команда арасындағы бірінші ойында жеңімпаз тек овертаймда анықталды (3:2 ОТ).

Рас, екінші ойында "Ертіс" үстемдік танытты (4:0). Бірақ бұдан кейінгі екі матч өте шиеленісті болды. Бір шайба айырмасымен үшінші матчта "Ертіс" басым түссе (4:3), төртінші кездесуде "Арыстан" жеңіске жетті (3:2).

Бірақ бұдан әріге азулы "Арыстанның" шамасы жетпеді. Көктемгі "ағысы" қатты "Ертіс" Қазақстан Магниткасы хоккейшілеріне дес бермеді. Бесінші матчта 4:1 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есепте де тура осындай есеппен басым түсіп, финалға шықты.

"Арлан" (Көкшетау) - "Бейбарыс" (Атырау) жұбындағы дода ұзаққа созылар деп күткенбіз. Бірақ бұл жұптағы кездесулер де бес ойынмен шектелді. Көкше клубы өз айдынындағы екі матчта да жеңіске жетіп, алға шыққан (4:2 және 3:1).

20-21 наурыз күндері Атырауда өтуі керек болған екі ойынның біріншісі өтпей қалып, бұл матч кейінге шегерілді. Ал 21 наурыздағы үшінші кездесуде "Бейбарыс" 4:1 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есеп айырмасын қысқартты. Бұдан кейінгі Көкшетауда өткен төртінші матчта "Арлан" шайбалы хоккейден гөрі футболға тән есеппен жеңіске жетті (1:0).

Содан соң 20 наурыз күні Атырауда өтпей қалған ойын өткізілді. Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының ресми сайтының мәлімдеуінше, екі команданың келісімі бойынша бұл матч Астанада өтті.

Ал Астанадағы "Қазақстан" спорт сарайы "Арлан" үшін - өте құтты мұзайдын. Дәл осы мұзайдында 2012 жылдың тамыз айында "Арлан" Қазақстан кубогын жеңіп алған. Финалдағы қарсыласы дәл осы "Бейбарыс" болған...

Бұл жолы да "Арланның" айдарынан жел есті. Көкшетаулықтар шектен тыс шиеленісті матчта 4:3 есебімен жеңіске жетіп, тұңғыш рет финалға шықты.

Ал "Бейбарыс" Қазақстан чемпионаты осындай үлгімен өткізіле бастағалы бірінші рет (!) финалға шыға алмай қалды. Еліміздің екі дүркін чемпионы (2010/2011 және 2011/2012 жылдар маусымындағы) енді тек қола медаль үшін додаға түсетін болады.

Ал финалда еліміздің өткен маусымдағы чемпионы мен қола жүлдегері, яғни "Ертіс" пен "Арлан" кездеседі. Көреміз, "Ертіс" екпінді ме, "Арлан" азулы ма?..

Қазақстан чемпионаты. Финал (төрт жеңіске дейін).

/1/ Ертiс - /2/ Арлан - (6-7.04; 10-11.04; 14.04; 17.04; 20.04)

Үшінші орын үшін. (үш жеңіске дейін).

/3/ Бейбарыс - /4/ Арыстан - (2-3.04; 6-7.04; 10.04)

Жартылай финал.

Иконка комментария блок соц сети

/1/ Ертiс - /4/ Арыстан - 4:1 (3:2 ОТ, 4:0, 4:3, 2:3, 4:1)
/2/ Арлан - /3/ Бейбарыс - 4:1 (4:2, 3:1, 1:4, 1:0, 4:3)

Ширек финал.

/1/ Ертiс - /8/ Астана - 4:0 (5:4 ОТ, 3:0, 5:3, 6:0)
/2/ Арлан - /7/ Горняк - 4:1 (4:0, 2:1, 1:3, 3:1, 8:2)
/3/ Бейбарыс - /6/ Бүркіт - 4:1 (5:3, 1:0 ОТ, 1:4, 5:3, 4:1)
/4/ Арыстан - /5/ Номад - 4:2 (5:2, 5:3, 2:1, 0:2, 3:4 ОТ, 4:2)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети