03 мамыр 2019 | 09:21

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Барыс" ХК Фото: "Барыс" ХК

Хоккейден Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші дивизионында Оңтүстік Кореяны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Иконка комментария блок соц сети

Хоккейден Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші дивизионында Оңтүстік Кореяны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

А тобындағы матч 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық хоккейшілер матчтың басында алға шықты, "Барыс" шабуылшысы Павел Акользин көзге түскен. Ал 17-минутта Леонид Метальников Қазақстанның екінші шайбасын соқты. 

Үзілістен кейін жанкүйерлер тағы бір шайба көрді. 30-минутта "Барыстың" форварды Дмитрий Шевченко есепті еселеді. 

Үшінші кезеңде командалар бір голдан алмасты. 51-минутта кореялықтар Сан Ву Син соққан шайбаның арқасында есеп айырмасын қысқартқан, бірақ екі минуттан соң Никита Клещенко матч нүктесін қойды. 

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Литва мен Словенияны жеңген болатын. Хоккейшілеріміздің еншісінде тоғыз ұпай бар, команда турнир кестесінде екінші орында келеді. Көш басындағы Беларусь хоккейшілерінде де тоғыз ұпай бар. 

Енді 4 мамырда топ бастап келе жатқан Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездеседі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети