Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жоғары дивизионында жетінші рет бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz отандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жоғары дивизионында жетінші рет бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz отандық федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жоғары дивизионында 1998 жылы сынға түскен. Бірақ сол жылы-ақ төменгі дивизионға түсіп қалды.
Содан тек 2004 жылы қайта оралып, үш жыл қатарынан кіл мықтылар арасында мұзайдын додасының көрігін қыздырды. 2006 жылы тағы да үздіктер қатарындағы орнынан айырылып қалып, 2010 жылы қайта оралды.
Міне, содан бері бір жыл жоғары дивизионда, бір жыл бірінші дивизионда ойнап, екі топтың арасында синусоида сұлбасындай тербеліп жүр.
1998 жыл, Базель (Швейцария): 3 ойын, 3 жеңіліс, шайба айырмасы 6-19, 15-орын;
2004 жыл, Прага (Чехия): 6 ойын, 2 жеңіс, 1 тең ойын, 3 жеңіліс, 15-19, 13-орын;
2005 жыл, Вена (Австрия): 6 ойын, 1 жеңіс, 5 жеңіліс, 8-15, 12-орын;
2006 жыл, Рига (Латвия): 6 ойын, 1 жеңіс, 5 жеңіліс, 11-29, 15-орын;
2010 жыл, Кельн/Мангейм (Германия): 6 ойын, 6 жеңіліс, 8-32, 16-орын;
2012 жыл, Хельсинки (Финляндия): 7 ойын, 1 овертаймда жеңіліс, 6 жеңіліс, 11-33, 16-орын;
2014 жыл, Минск (Беларусь): ?