1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Хоккей

Қазақстан хоккейшілері плей-оффты бастайды 26 ақпан 2014, 15:43

Шайбалы хоккейден биылғы маусымдағы Қазақстан чемпионаты көмбеге жетер төте жолына шықты.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Сурет arlanclub.kz сайтынан Сурет arlanclub.kz сайтынан
Шайбалы хоккейден биылғы маусымдағы Қазақстан чемпионаты көмбеге жетер төте жолына шықты. Яғни негізгі біріншілігі аяқталып, плей-оффтың бірінші сатысында додаға түсетін жұптар анықталды. Қыркүйектің басында басталған ел чемпионаты ақпанның аяғына қарай аяқталды. Ел чемпионатындағы он команданың бәрі де 54 ойыннан өткізді. Қорытынды кесте төмендегідей: 1. Ертіс (Павлодар) – 131 ұпай 2. Арлан (Көкшетау) – 121 3. Бейбарыс (Атырау) – 102 4. Арыстан (Теміртау) – 99 5. Номад (Астана) – 80 6. Бүркіт (Қарағанды) – 73 7. Горняк (Рудный) – 71 8. Астана (Астана) – 68 9. Алматы (Алматы) – 65 10. Торпедо (Өскемен) – 0 Енді биылғы маусымның чемпионы мен жүлдегерлері плей-офф жүйесі бойынша анықталады. Бірнеше айға созылған ел біріншілігінің қорытындысы бойынша ширек финалдық жұптар төмендегідей болды: /1/ Ертiс – /8/ Астана /2/ Арлан» – /7/ Горняк /3/ Бейбарыс – /6/ Бүркіт /4/ Арыстан – /5/ Номад Ширек финалдық ойындар ертең басталады. Жалпы, үшінші орын сарапқа салынатын кездесулерден басқа плей-офф ойындарының бәрі төрт жеңіске дейін созылады. Ал қола жүлденің тағдыры үш жеңіске дейін ғана созылатын болып бекітілген.


Join Telegram