04 мамыр 2014 12:28

Қазақстан құрамасы Франция хоккейшілерінен ұтылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: iihf.com Фото: iihf.com

Шайбалы хоккейден 9 мамыр күні Минскіде басталатын әлем чемпионатына Францияда дайындалып жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы "Үш жолақтылар" командасымен кездесіп, 1:3 есебімен есе жіберіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Шайбалы хоккейден 9 мамыр күні Минскіде басталатын әлем чемпионатына Францияда дайындалып жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы "Үш жолақтылар" командасымен кездесіп, 1:3 есебімен есе жіберіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан ұлттық құрамасының биылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы оқу-жаттығу жиыны үш кезеңнен құралды. Әуелі Астана түбінде жаттығып, сәуірдің аяғында Италияға барған. 2 мамырдан бері жаттығу жұмыстарын Францияда пысықтап жатыр.

Италиядағыдай осы елде де екі жолдастық кездесу өткізеді. Соның алғашқысы жексенбіге ауған түні басталды. Бұл ойында айдын иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды Роман Старченко соқты.

Біздің уақытпен бүгін түн ортасында (сағат 00:00-де) екінші жолдастық кездесудің ысқырығы безілдейді. Ұлттық құраманың қазіргі басты мақсаты – жолдастық кездесулерде жеңіске жету емес, ойын өрнегін жетілдіру.

Біздің бағамдауымызша, еліміздің ұлттық құрамасын жаттықтыратын финн маманы Ари-Пекка Селин Минскіде кімдерге сенім артатындығын іштей ойлап-пішіп қойғандай. Тек төртінші үштікте алма-кезек ойнап жүрген бес-алты шабуылшының үшеуін таңдау ғана қалған секілді.

Қалай десек те, бүгін түнде өтетін ойыннан кейін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын 23 хоккейшінің тізімі белгілі болады. Ал әзірше ұлттық құрама сапында 29 хоккейші бар.

Франция құрамасымен өткен бірінші ойында мұзайдынға мына хоккейшілеріміз шықты:

Алексей Иванов;

Алексей Литвиненко – Кевин Даллмэн, Андрей Гаврилин – Николай Антропов – Роман Старченко;

Артемий Лакиза – Владислав Колесников, Вадим Краснослободцев – Федор Полищук – Талғат Жайлауов;

Антон Казанцев – Алексей Васильченко, Константин Пушкарёв – Дмитрий Уппер – Константин Романов;

Евгений Блохин – Максим Семёнов, Михаил Паньшин – Андрей Спиридонов – Алексей Воронцов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети