06 мамыр 2014 | 11:55

Қазақстаннан шайбалы хоккей төрешілері шықпай тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото prosportkz.kz сайтынан Фото prosportkz.kz сайтынан

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) Минскіде өтетін әлем чемпионатында қазылық ететін 32 төрешінің тізімін бекітті. Өкінішке қарай, олардың арасында Қазақстаннан бірде-бір төреші жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) Минскіде өтетін әлем чемпионатында қазылық ететін 32 төрешінің тізімін бекітті. Өкінішке қарай, олардың арасында Қазақстаннан бірде-бір төреші жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Беларусь елінде өтетін 2014 әлем чемпионатына 54 үміткер-төрешінің ішінен 16 бас қазы және 16 қапталдағы төреші іріктелініп алынды. Сөйтіп, биылғы әлем чемпионатында 15 мемлекеттен 32 төреші қазылық ететін болды. Алайда бас қазылар тізімі тұрмақ, олардың көмекшілерінің арасында қазақстандық төрешілер жоқ.

Қапталдағы төрешілердің ішінен Франция, Норвегия, Эстония, тіпті Нидерланды төрешілерін көріп, "неге біздің елдің төрешілері жоқ" деп қынжылдық.

Жалпы, биылғы әлем чемпионатында мына елдердің төрешілеріне ысқырық сеніп тапсырылып отыр:

Бас қазылар: Ресей (3 төреші), Чехия (3), АҚШ (2), Финляндия (2), Германия (2), Швеция (2), Беларусь (1), Словения (1);

Қапталдағы төрешілер: Канада (2), Финляндия (2), АҚШ (1), Швеция (1), Чехия (1), Словакия (1), Ресей (1), Швейцария (1), Беларусь (1), Германия (1), Эстония (1), Норвегия (1), Франция (1), Нидерланды (1).

Бірақ біздің төрешілер халықаралық додаларда мүлде қазылық етпейді деп айта алмаймыз. Әзірше Қазақстан төрешілері төменгі дивизиондарда тәжірибе жинақтап жүр. Атап айтқанда, биыл мына төрешілеріміз әлем чемпионаттарының төменгі дивизиондарында өз міндеттерін атқарып келді:

Мерген Қайдаров – қапталдағы төреші, 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты, ІІ-дивизион, «А» тобы, Венгрияда;

Эдуард Ибатулин – бас төреші, 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты, ІІ-дивизион, «В» тобы, Испанияда;

Оксана Шестакова – қапталдағы төреші, 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионаты, І-дивизион, Германияда.

Бірден айтайық, бұл – тым аз. Әрі біздің төрешілер мәртебесі төмен дивизиондардағы додаларда ғана қазылық етуде. Ал ұлттық құрамаларының деңгейі бізден жоғары емес кейбір елдердің төрешілері ересектер арасындағы әлем чемпионаттарында (І-ІІІ дивизиондарда) төбе көрсетіп жүр.

Бұл орайда жоғарыда өзіміз атап өткен Эстония мен Нидерландының қатарына Дания, Украина, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Венгрия, Австрия, Польша, Сербия, Румыния, Хорватия, Испания, Бельгия, Қытай, Ирландия, Исландия елдерін қосуға болады.

Айтпағымыз, отандық төрешілердің біліктілігін арттыруға күш салу керек сияқты. Тіпті, кейбір төрешілеріміздің Құрлықтық хоккей лигсында тәжірибе жинақтауына қол жеткізілсе, нұр үстіне нұр емес пе?!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети