19 наурыз 2014 | 14:11

Ковач "Гангнам стайл" әуеніне билеуін қайта бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет hc-saryarka.com сайтынан Сурет hc-saryarka.com сайтынан

"Сарыарқа" хоккей клубының словакиялық қақпашысы Владимир Ковач қайтадан "Гангнам стайл" хитінің сүйемелдеуімен мұз айданда билеуін әдетке айналдыра бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Дәл кеше Ковачтың өзі де билеймін деп ойлаған жоқ шығар. Бірақ "Сарыарқа" Ресейдің Жоғары хоккей лигасы аясындағы Братина кубогының ширек финалында "Кубань" (Краснодарь) клубын 5:3 есебімен жеңген соң жанкүйерлердің өтінішін жерге тастай алмады. Сарыарқа төсінде Краснодарь командасымен өткен бірінші кездесуде кеншілер клубы жеңіске жеткен соң Владимир Ковач тағы да ортаға шығып биледі. Билемесіне болмады. "Қарағанды-Арена" мұзайдынына жиналған көрермендер ойын аяқталса да, үйлеріне қайтпай, бәрі де орындарынан тұрып, Ковачты ортаға шақырумен болды. Үздіксіз қол шапалақтап, қоймады. Жанкүйерлер өтінішін жерге тастай алмаған Ковач қымсына басып, ортаға шықты. Бұл жолы онымен бірге шабуылшы Александр Федосеев те биледі. Бірақ Ковачқа ілесу қайда?! Амалсыз қол шапалақтап, қолдау көрсетуден басқа амалы қалмады. Негізі, Ковач біраздан бері билеуін қойған болатын. Өткен маусымда "Сарыарқа" дүрілдеп, қарсыластарын оңды-солды ұтып, Ресейдің Жоғары хоккей лигасының рекордтарын жаңарта бастағанда, қақпашы Ковач билеуді шығарған. Басында қақпасына бірде-бір гол жібермей, "құрғақ" шыққан ойындарынан соң билейтін. Кей-кейде словакиялық жерлестері де (Лиханец, Махо), басқа хоккейшілер де (Громов, Гуле және т.б.) қосылып тұратын. Алайда неге екені белгісіз, былтырғы плей-оффтың шешуші сәттерінде "Сарыарқаның" бұрынғы бас бапкері Андрей Кирдяшов Ковачты мұзайдынға шығармай, қосалқы құрам орындығында тұсаулап ұстады. Содан "Сарыарқа" не Братина кубогын жеңіп ала алмады, не Ковач "Гангнам стайл" хитіне билей алмады. Осылай маусым бітті. Ал маусым аралығында Андрей Кирдяшов өз отанына, яғни Ресейге кетіп қалды... Биылғы плей-оффты "Сарыарқа" қақпасында Степан Горячевских бастаған болатын. Бірақ плей-оффтың алғашқы сатысындағы бірінші ойында кеншілер клубы Балашихагың "Динамосынан" 5:6 есебімен ұтылып қалды. Өз айдынында осындай есеппен ұтылған соң қарағандылықтардың бас бапкері, словак маманы Душан Грегор қақпаға Владимир Ковачты қойды. Содан "Сарыарқа" қамшыны басты. Балашиха клубын өз айдынында 4:1 есебімен тізерлетіп, түзде екі қайта 3:0 есебімен басым түсті. Қарағандыда өткен соңғы ойында 3:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Ал Ковач төрт ойында екі-ақ гол жіберіп, шеберлігімен көзге түсті. Сондықтан Балашиха клубын төртінші рет ұтып, ширек финалға шыққан соң, осы екеуінің құрметіне Ковач қалай билемесін? "Қарағанды-Арена" мұзайдынының қақ ортасына шығып, "Гангнам стайл" әуені ырғағымен көрермендерді риза қылды. Енді, міне, "Сарыарқа" "Кубань" клубын ұтып еді, көрермендердің өздері Ковачты ортаға шақырып, мәре-сәре болды. Несі бар, бұл әдетке айналса, жаман емес. "Қарағанды-Арена" үнемі көрермендерге лық толып, "Сарыарқа" ылғи жеңе береді деп ойлаймыз. Әзірше Братина кубогының ширек финалында кеншілер клубы алда. Жалпы есеп – 1:0. Екінші ойын бүгін өтеді. Бүгін де "Сарыарқа" жеңіп, Ковач билесе, "Кубань" клубының жүйкесі жұқара түсетін шығар...

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети