Олимпиаданың соңғы алтыны Канада хоккейшілеріне бұйырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиаданың соңғы алтыны Канада хоккейшілеріне бұйырды

Сочидегі қысқы Олимпиаданың соңғы алтын медальін канадалық хоккейшілер еншіледі, олар қорытынды матчта Швеция құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты деп хабарлайды Vesti.kz. Хоккейшілердің кездесуі 23 ақпанда кешкісін KAZsport телеарнасынан тікелей эфирден көрсетілді. Бұл - Канада құрамасының хоккейден Олимпиада ойындарындағы тоғызыншы алтыны. Мұндай көрсеткішімен канадалықтар совет және ресейлік хоккейшілердің алдын орап кетті. Сочи Олимпиадасының қола медальі финндерге бұйырды. Олар үшінші орын үшін таласта америкалықтарды 5:0 есебімен тақыр, таза жеңді. Осылайша Сочи Олимпиадасы ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жеңіп алған бір қола жүлдемен медальдық есепте 26-орынды иеленді. Бірінші орын соңғы екі күнгі жарыста суырылып алға шыққан ресейлік командаға бұйырды. Ресейдің қанжығасында 13 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль бар. Екінші және үшінші орында - Норвегия (11,5,10) мен Канада (10,10,5). Сочи Олимпиадасы ойындарының жабылу салтанатын "Хабар" телеарнасынан бүгін Астана уақытымен 22:00-де тамашалай аласыздар.
Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +19
Ақтау +20
Ақтөбе +17
Атырау +21
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +23
П
Павлодар +19
Петропавл +21
С
Семей +27
Т
Талдықорған +27
Тараз +25
Түркістан +17
О
Орал +20
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер