ҚХЛ. "Барыс" және "Авангард" арасындағы ойынды қайдан тамашалауға болады

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚХЛ. "Барыс"  және "Авангард" арасындағы ойынды қайдан тамашалауға болады

Бүгін 22 наурызда Гагарин кубогінің екінші раундында астаналық "Барыс" бесінші ойынын омдық "Авангардпен" өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 22 наурызда Гагарин кубогінің екінші раундында астаналық "Барыс" бесінші ойынын омдық "Авангардпен" өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кездесу Қазақстанның елордасында Астана уақытымен сағат 17:00 болады. Тікелей эфирде матчты QazSport телеарнасы көрсетеді. Ойынды телеарнаның сайты арқылы да көруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ ойынды ҚХЛ-ТВ және ҚХЛ HD арқылы көруге болады. 

Айта кетейік, серияның бірінші матчында Астаналық "Барыс" "Авангардтан" 3:1 есебімен жеңіліп қалған. Бірақ, өз алаңында болған матчта 4:2 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін қонақта болған кездесу нәтижесі 0:5 және 1:3 есебімен аяқталған. Сөйтіп, серияда төртінші жеңіске дейінгі есеп - 3:1. Омдық команда жеңіске табан тіреп тұр.

Алдағы ойында Даррен Диц өнер көрсетпейді, ол бір ойын алаңға шыға алмайды. Оған қоса қазақстандық клуб қорғаушы Кирилл Полохов пен шабуылдаушы Роман Старченкосыз ойын көрсетеді. Екі ойыншы да жарақат алған. Бұрын ойыннан қуылған шабуылшы Патрис Кормье құрамға оралды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети