Ресей құрамасы хоккейден тұңғыш рет Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей құрамасы хоккейден тұңғыш рет Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды © LiveSport.Ru

Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада-2018 ойындарында хоккейден финалда Ресей және Германия құрамалары кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада-2018 ойындарында хоккейден финалда Ресей және Германия құрамалары кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 25 ақпанда 4:3 есебімен ресейлік команданың пайдасына шешілді. Ресей құрамасының ойыншысы Вячаслав Войнов бірінші кезең аяқталуына санаулы секундтар қалғанда шайба салып кетті. 30-шы минутта Феликс Шутц есепті теңестірді. 54-ші минутта Никита Крюков ресейліктерді алға шығарды. Алайда 10 секундтан соң немістер (Доминик Кагун) жауап қайтарды. 57-ші минутта Йонас Мюллер немістердің жеңіске деген сенімін нығайтты. Ойын аяқталуға 56 секунд қалғанда Гусев қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді. Шешуші шайбаны қосымша уақытта Кирилл Капризов соқты.

Осылайша Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден Олимпиада чемпионы атанды. Олар 1998 жылы Ногано қаласында өткен қөысқы ойындарында күміс медальды иеленген еді.

Айта кетейік, қола медальды Канада құрамасы жеңіп алды. Үшінші оры үшін таласта олар Чехия құрамасын жеңді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети