Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада-2018 ойындарында хоккейден финалда Ресей және Германия құрамалары кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада-2018 ойындарында хоккейден финалда Ресей және Германия құрамалары кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 25 ақпанда 4:3 есебімен ресейлік команданың пайдасына шешілді. Ресей құрамасының ойыншысы Вячаслав Войнов бірінші кезең аяқталуына санаулы секундтар қалғанда шайба салып кетті. 30-шы минутта Феликс Шутц есепті теңестірді. 54-ші минутта Никита Крюков ресейліктерді алға шығарды. Алайда 10 секундтан соң немістер (Доминик Кагун) жауап қайтарды. 57-ші минутта Йонас Мюллер немістердің жеңіске деген сенімін нығайтты. Ойын аяқталуға 56 секунд қалғанда Гусев қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді. Шешуші шайбаны қосымша уақытта Кирилл Капризов соқты.
Осылайша Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден Олимпиада чемпионы атанды. Олар 1998 жылы Ногано қаласында өткен қөысқы ойындарында күміс медальды иеленген еді.
Айта кетейік, қола медальды Канада құрамасы жеңіп алды. Үшінші оры үшін таласта олар Чехия құрамасын жеңді.