22 сәуір 2014 | 22:26

"Сарыарқа" ақтық сында алға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет vhlru.ru сайтынан Сурет vhlru.ru сайтынан

Биылғы маусымдағы Братина кубогының финалы Қарағандыға жетті. Жергілікті "Сарыарқа" Тюменнің "Рубинін" қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Әрі жалпы есепте алға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Биылғы маусымдағы Братина кубогының финалы Қарағандыға жетті. Жергілікті "Сарыарқа" Тюменнің "Рубинін" қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Әрі жалпы есепте алға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алғашқы екі ойын Тюменде өткен. "Сарыарқа" мен "Рубин" Ресейде бірін-бірі ұтып, "итжығыс" түскен. Ендігі екі ойын қазақ мұзайдынында өтеді. Бүгінгі бірінші ойында "Сарыарқа" жеңді. Бірақ жеңіс оңайшылықпен келген жоқ. Бірінші кезеңде кеншілер клубының ойыншылары қателесіп, қонақтар гол соғып кетті.

Ол аздай, екінші кезеңнің басында тюмендіктер есепті еселеп, Қазақстан жанкүйерлерін әжептәуір қобалжытты. Ал "Сарыарқаның" ойыны жүрер емес. Екі рет артық құрамда ойнаса да, гол соға алмай, пұшайман болды.

Айтпақшы, "Рубиннің" бас бапкері қақпашысын ауыстырыпты. Екінші ойында бірнеше рет өрескел қателік жіберген, Қарағанды тумасы Денис Франскевичтің орнына Сергей Хорошунді қойыпты. Сол Хорошун қақпаны жақсы қорғады.

Алайда екінші кезеңнің ортасына қарай "Сарыарқаның" сұрмергені Константин Макаров есепті қысқартты. Көп ұзамай, кеншілер клубы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, Хорошунді екінші рет қапы қалдырды. Голды Кирилл Лебедев соқты.

Үшінші кезеңде гол соғылмады. Екі команда да гол жіберіп алмау жағын көп ойлап, өте мұқият ойнады. Десек те, ойынның соңғы минуттарында "Сарыарқа" қарқынын үдетіп, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, тюмендіктерді қыспаққа алып-ақ еді. Бірақ шайба қақпаға енбей қойды.

Осылай, ойынның негізгі уақыты тең аяқталды. Овертайм. Қосымша кезең басталғаны сол болатын. "Сарыарқа" шабуылға шыққанда, қонақтар ойын ережесін бұзды. Төрешілер әділеттік танытып, тәртіп бұзған ойыншыны айдыннан қуды.

Осы кездесу барысында үш рет артық құрамда ойнап, бірақ соншалықты қатер төндіре алмаған "Сарыарқа" бұл жолы көп қиналған жоқ. Бар болғаны 19 секундтың ішінде жеңіс голын соғып, "Рубин" хоккейшілерін сең соққандай күйге түсірді. Бұл матчтың нүктесін Олег Ломако қойды.

Ал ойын біткен соң, "Қарағанды-Арена" мұзайдына жиналған көрермендер әдеттегідей қол шапалақтап, ортаға қақпашы Владимир Ковачты шақырды. Ол да жеңістен кейінгі дәстүрін бұзбай, мұзайдынның қақ ортасында "Гангнам стайл" хитіне билеп шықты.

Ертең – төртінші ойын. Қарағанды клубына жеңіс тілейміз.

"Сарыарқа" (Қарағанды) – Рубин (Тюмень) – 3:2 ОТ (0:1, 2:1, 0:0, 1:0)

0:1 – Сандер (Севостьянов, Горшков), 05:52.
0:2 – Зюзякин (Чибисов, Ячменев), 24:44.
1:2 – Макаров (Лебедев, Лучкин), 28:40.
2:2 – Лебедев (Лучкин), 37:36.
3:2 – Ломако (Ковачевич), 61:11 (артық құрам).

Қақпашылар: Ковач – Хорошун.
Соққылар: 25 (10+7+6+2) – 25 (7+13+5+0)
Айып уақыты: 6 (2+4+0+0) – 8 (4+2+0+2)

Братина кубогы.
Финал:

/3/ "Рубин" (Тюмень) – /4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) – 1:2 (3:1, 0:4; 2:3 ОТ, 23.04, 26.04, қажет болса – 28.04, 30.04)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети