"Сарыарқа" ақтық сынды жеңіліспен бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сарыарқа" ақтық сынды жеңіліспен бастады Сурет vhlru.ru сайтынан

Қарағандының "Сарыарқасы" Ресей Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының финалын жеңіліспен бастап, алғашқы матчта 1:3 есебімен ұтылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандының "Сарыарқасы" Ресей Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының финалын жеңіліспен бастап, алғашқы матчта 1:3 есебімен ұтылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төрт жеңіске дейін созылатын финалдық дода Тюменде басталған. Көп мақтаған "Сарыарқамыз" финалдық доданың алғашқы матчында сүрініп, таң қалдырды. Жергілікті "Рубин" клубына 1:3 есебімен есе жіберіп алды.

Түсінеміз, финалдың аты – финал. Ақтық сынға осал команда шықпайды. "Рубинді" қалпақпен "ұрып алу" мүмкін емес. Бұған бірінші матчта кеншілер клубының ойыншылары көз жеткізді. Енді осы жеңілістен сабақ алар деп ойлаймыз.

Матч өте тартысты өтті. Ойын ережесін бұзып, айдыннан қуылу да аз болған жоқ. Есепті бірінші кезеңде айдын иелері ашып, екінші кезеңде "Сарыарқа" таразы басын теңестірді. Осы ойындағы жалқы голды қарағандылықтар артық құрамда соқты. "Рубиннің" ойыншылары бірінен соң бірі мұзайдыннан қуылып, үшеуі ғана қалғанда, кеншілер клубының сұрмергені Константин Макаров есепті теңестірді.

Алайда үшінші кезеңнің басында кеншілер клубының кежегелері кейін тартып, бір жарым минуттың ішінде өз қақпаларына екі гол жіберіп алды. Содан қанша тырысса да, есепті өзгерте алмады.

Бұл ойында "Сарыарқа" соққына қарша боратып, бұл жағынан айдын иелерінен асып түссе де, гол соға алмай пұшайман болды. Бұл жолы "Сарыарқаның" сағын сындырып, діңкелеткен былтыр ғана Қарағанды клубының намысын қорғаған Денис Франскевич болды. Бұл қақпшы – негізі, Қарағанды тумасы. Былтырғы маусым аяқталған соң "Рубинге" ауысқан. Енді міне, өзі туған қаланың клубына алынбас қамалдай болып отыр.

Әрине, өкінішті. Бірақ бәрі алда. Финал енді ғана басталды. Братина кубогы жолындағы төрт кезеңде 12 рет қатарынан жеңіске жетіп, Жоғары хоккей лигасының рекордын жаңартқан "Сарыарқа" намысты қолдан бермейді деп сенеміз.

Братина кубогы.
Финал:

/3/ "Рубин" (Тюмень) – /4/ «Сарыарқа» (Қарағанды) – 1:0 (3:1, 19.04; 22-23.04, 26.04, 28.04, 30.04)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети