Сурет vhlru.ru сайтынан
Ресейдің Жоғары хоккей лигасында ойнайтын екі клубымыздың біреуі, атап айтқанда, Қарағандының "Сарыарқасы" Братина кубогының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Сарыарқа" Братина кубогының 1/8 финалында "Динамо" (Балашиха) клубымен кездескен болатын. Кеншілер клубы Қарағандыда өткен бірінші матчта қонақтарына овертаймда есе жіберіп алып, 5:6 есебімен ұтылып қалған-ды. Осылай, Жоғары хоккей лигасының негізгі біріншілігінде өзінен тоғыз саты төмен орналасқан клубтан өз айдынында ұтылып қалып, жанкүйерлерін жасытқан еді. Алайда сол ойыннан соң Қарағанды клубының бас бапкері, словак маманы Душан Грегор шәкірттерін бір сілкілеп алған сияқты. Әрі қарсыласы ортанқол команда болса да, қалпақпен ұрып ала алмайтындығын түсініп, бұдан кейін ойын тактикасына өзгерістер енгізді. Негізінен қорғанысқа көңіл бөлуге көшті. Сондай-ақ бірінші ойында өз қақпасына алты гол жіберіп алған қақпашысын да ауыстырды. Нақтырақ айтқанда, Степан Горячевскихтің орнына Владимир Ковачты шығарды. Сөйтіп, екінші матчта "Сарыарқа" Мәскеу облысынан келген қонақтарын 4:1 есебімен тізерлетті. Бұдан кейінгі екі матч Балашиха қаласында өтті. Екеуінде де "Сарыарқа" 3:0 есебімен жеңіске жетті. "Динамоның" өз жанкүйерлері алдында көсіле сілтеуіне еш мүмкіндік бермей, діңкелетті. Бүгін бесінші ойын қайтадан Қарағандыда өткен. "Сарыарқа" 3:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Жалпы есеп – 4:1. "Сарыарқаның" ширек финалдағы қарсыласы әлі белгісіз. 1/8 финалындағы кездесулер толық аяқталған соң ғана белгілі болады. Әзірше ширек финалда додаға түсетін сегіз клубтың бесеуі ғана анықталған. Ал Өскеменнің "Қазцинк-Торпедосы" Пензада шешуші ойындарын өткізуде. "Дизель" клубымен арадағы тартысты дода кемі алты ойынға созылатын түрі бар. Әзірше жалпы есеп – 2:3.
Ресейдің Жоғары хоккей лигасында ойнайтын екі клубымыздың біреуі, атап айтқанда, Қарағандының "Сарыарқасы" Братина кубогының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Сарыарқа" Братина кубогының 1/8 финалында "Динамо" (Балашиха) клубымен кездескен болатын. Кеншілер клубы Қарағандыда өткен бірінші матчта қонақтарына овертаймда есе жіберіп алып, 5:6 есебімен ұтылып қалған-ды.
Осылай, Жоғары хоккей лигасының негізгі біріншілігінде өзінен тоғыз саты төмен орналасқан клубтан өз айдынында ұтылып қалып, жанкүйерлерін жасытқан еді. Алайда сол ойыннан соң Қарағанды клубының бас бапкері, словак маманы Душан Грегор шәкірттерін бір сілкілеп алған сияқты.
Әрі қарсыласы ортанқол команда болса да, қалпақпен ұрып ала алмайтындығын түсініп, бұдан кейін ойын тактикасына өзгерістер енгізді. Негізінен қорғанысқа көңіл бөлуге көшті. Сондай-ақ бірінші ойында өз қақпасына алты гол жіберіп алған қақпашысын да ауыстырды. Нақтырақ айтқанда, Степан Горячевскихтің орнына Владимир Ковачты шығарды.
Сөйтіп, екінші матчта "Сарыарқа" Мәскеу облысынан келген қонақтарын 4:1 есебімен тізерлетті. Бұдан кейінгі екі матч Балашиха қаласында өтті. Екеуінде де "Сарыарқа" 3:0 есебімен жеңіске жетті. "Динамоның" өз жанкүйерлері алдында көсіле сілтеуіне еш мүмкіндік бермей, діңкелетті.
Бүгін бесінші ойын қайтадан Қарағандыда өткен. "Сарыарқа" 3:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Жалпы есеп – 4:1.
"Сарыарқаның" ширек финалдағы қарсыласы әлі белгісіз. 1/8 финалындағы кездесулер толық аяқталған соң ғана белгілі болады. Әзірше ширек финалда додаға түсетін сегіз клубтың бесеуі ғана анықталған.
Ал Өскеменнің "Қазцинк-Торпедосы" Пензада шешуші ойындарын өткізуде. "Дизель" клубымен арадағы тартысты дода кемі алты ойынға созылатын түрі бар. Әзірше жалпы есеп – 2:3.