07 сәуір 2014 09:32

"Сарыарқа" "Торосты" үшінші рет тобықтан қақты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет hc-saryarka.com сайтынан Сурет hc-saryarka.com сайтынан

Қарағандының "Сарыарқасы" Ресей Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының жартылай финалында "Торос" клубын үшінші рет ұтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қарағандының "Сарыарқасы" Ресей Жоғары хоккей лигасындағы Братина кубогының жартылай финалында "Торос" клубын үшінші рет ұтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нефтекамскідегі алғашқы екі ойында басым түскен "Сарыарқа" Қарағандыдағы бірінші матчта да жеңіске жетті. Бірақ бұл жолғы жеңіс оңайшылықпен келген жоқ. Бірінші кезеңде Қазақстан клубы екі гол соғып, алға шыққан. "Сарыарқа" клубының тәжірибелі хоккейшілері жеңісті есепті енді уысынан шығармас деп ойлағанбыз.

Алайда олай болмай шықты. Қонақтар екінші кезеңде қақпашысын ауыстырып, қарқындарын үдете түсті. Әрі екінші кезеңде есепті қысқартты. Бірақ қарағандылықтар да тартынар емес. Үшінші кезеңнің басында тағы бір гол соғып, есеп айырмасын қайта ұлғайтып, көңілімізді орнына түсіргендей болды. Әйтсе де, «Торос» та айылын тартпай, тайлы-таяғымен шабуылға көшті. "Сарыарқаның" қақпасына соққынны қарша боратып, ойын аяғына дейін есепті теңестіріп кетті.

Матчтың негізгі уақыты тең аяқталғандықтан, овертаймға жүгінуге тура келді. Енді "Сарыарқа" шабуылды үдетті. Өз айдынында ұтылып қалып, жанкүйерлерін жасытуға болмайды. Әрі ұтылса, "Торостың" шабыттанып кетуі де мүмкін. Қосымша таймның басында "Сарыарқа" клубының шабуылдарының бірі нәтижелі аяқталып, жеңіс голын соқты. Есеп – 4:3. Қазақстан клубы үшінші рет жеңіске жетті.

Осы ойыннан соң екі команданың да бас бапкерлері бұл матчта сәттіліктің "Сарыарқа" жағында болғанын атап өтті. Қарағанды клубының бас бапкері Душан Грегор екі шайба айырмасымен ұтып жатып, қарсыластарының есепті теңестіріп кетуіне мүмкіндік беріп қойғандарын саралайтындықтарын білдірді.

Енді, финалға шығу үшін бір ғана жеңіс керек. Төртінші ойын бүгін кешке «Қарағанды-Арена» мұзайдынында өтеді. Жерлестерімізге тек жеңіс тілейміз.

Братина кубогы. Жартылай финал:
/1/ "Торос" (Нефтекамск) – /4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) 0:2 (1:4, 2:3, 3:4 ОТ, 7 сәуір)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети