"Сарырақа" клубымен қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде Братина кубогын жеңіп алған словак маманы Душан Грегор Ресейдегі "Адмирал" клубына бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Сарырақа" клубымен қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде Братина кубогын жеңіп алған словак маманы Душан Грегор Ресейдегі "Адмирал" клубына бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгін "Адмирал" хоккей клубының ресми сайты Душан Грегормен келісімшартқа отырғандарын қуана жариялады. Бірақ келісімшартының мерзімі жазылмаған.
Өкінішті, әрине. Бірақ бұл – өмір. "Адмирал" – Құрлықтық хоккей лигасындағы команда. Қандай бапкер болсын, деңгейі жоғары лигадағы команданы жаттықтырып, өсе бергісі келеді. Сондықтан Душан Грегорге ешқандай да өкпе арта алмаймыз.
Словак маманы былтыр күзде (қазан айының соңғы күндері) кежегесі кейін тартып, көш соңына түсіп кеткен "Сарырақаға" бас бапкер болып тағайындалып, кеншілер клубының ойынын түлеткен. Жарты жылдың ішінде Қазақстан клубымен Ресейдің Братина кубогын жеңіп алып, көпшілікті тәнті еткен.
Дәл қазір "Сарыарқа" сапынан бас бапкері ғана емес, белді ойыншыларының көбісі кетіп жатыр. Неге екені түсініксіз. Бәлкім, клуб басшыларының өз ойлағандары бар шығар. Былтыр да осылай болған. Бірақ "Сарырақа" құрамын қайтадан жасақтап алып, өткен маусымдағы жетістіктерінен де асып түскен. Сондықтан әліптің артын тосудамыз.
Есесіне, "Қазцинк-Торпедо" клубына өзіміздің отандық білікті маман Николай Мышагин қайтып оралды. Кезінде Қазақстан ұлттық құрамасымен Олимпиада ойындарына қатысқан тәжірибелі маман Өскемен хоккейінің тасын (шайбасын) қайтадан өрге домалатады деп сенеміз.