Жоғары хоккей лигасының биылғы чемпионатында финалға шыққан қарағандылық "Сарыарқа" хоккей клубының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жартылай финалдық кездесулердің кешегі жұбында "Рубин" хоккей клубы Пермь қаласының "Молот-Прикамье" командасын жеңіп, жалпы есеп бойынша жеңіске жетті. Енді, ол финалда Қарағанды қаласының "Сарыарқасы" мен кездеседі. Финалдық матчтар сәуірдің 18-і күні басталады.
Айта кетейік, биыл "Сарыарқа" хоккей клубы финалға екінші рет шықты. Өткен чемпионатта қарағандылық команда "Торостан" ұтылған болатын. Алайда осы жолы онымен жартылай финалда кездесіп, төрт рет қатарынан (4:0) жеңді. Сөйтіп, финалға жолдама алды.