05 наурыз 2014 13:50

Шабуылы жойқын "Барыс" пен қорғанысы мығым "Автомобилист"

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барыс" – "Автомобилист". Фото: hcbarys.kz "Барыс" – "Автомобилист". Фото: hcbarys.kz

Құрлықтық хоккей лигасының негізгі біріншілігі аяқталып, плей-оффтың алғашқы сатысында кездесетін жұптар анықталды. Мұнда Астананың "Барысы" Екатеринбургтің "Автомобилисімен" додаға түсетін болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Биылғы біріншіліктің соңғы ойындарын түзде өткізген "Барыс" бұл жолғы сапарында жеңілістен көз ашпай, төрт мәрте ұтылды. Ең соңғы Ярославльде өткен матчта жергілікті "Локомотив" клубынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Бұл ойынға тіпті команданың белді де, беделді ойыншысы Николай Антропов пен канадалық тәжірибелі легионеріміз Дастин Бойд мұзайдынға шыққан жоқ. Екеуінің де жеңіл-желпі жарақаттары бар екен, сондықтан бапкерлер құрамы оларды плей-офф қарсаңында тынықтырып алуды жөн санапты. Сочи Олимпиадасына байланысты бір айға жуық үзілістен соң "Барыс" бауырын жаза алмады. Жоғарыда жазғанымыздай, түзде төрт ойын өткізіп, төртеуінде де жеңілістің кермек дәмін татты. Бірақ бұл жеңілістері Қазақстан клубының турнир кестесіндегі жағдайына ешқандай да нұқсан келтіре алмады. Әрі соңғы ойындарында бар күш-жігерін салып, жеңіске жетсе де, "Шығыс" конференциясында екінші орыннан жоғары көтеріле алмас еді. Осылай жалпы жағдайды бағамдап, төрт рет ұтылса да, "Шығыс" конференциясындағы екінші орнын сақтап қалды. Енді ҚХЛ додасы плей-офф жүйесі арқылы Гагарин кубогын сарапқа салумен жалғасады. "Барыс" "Шығыс" конференциясының ширек финалында Екатеринбургтің "Автомобилисімен" кездесетін болды. "Автомобилист" биыл "Шығыс" конференциясында 54 ойыннан 86 ұпай жинап, жетінші орынға ие болды. Ал "Барыс" тура осынша 54 ойыннан 94 ұпай еншілеп, екінші орынды иеленген болатын. Айта кетуге тиіспіз, қанша жасырғандарымен "Автомобилист" соңғы ойындарда тізгінін тартып (олар да соңғы төрт ойында ұтылып), 6-орынға көтерілмеу жағын ойлады. Себебі 6-орынға ие болса, плей-оффтың алғашқы сатысында Қазанның "Ак-Барсына" тап болар еді. Екатеринбург клубы осы тұрғыда татардың "Ак-Барсынан" гөрі қазақтың тарғыл "Барысымен" кездесуді қалағандай. Көреміз, ішкі есептерінің қаншалықты дұрыс болғандығын... Иә, "Автомобилист" тым осал команда емес. Қорғанысы мықты ұжым. 54 ойында өз қақпасына 125 шайба ғана жіберіпті. Ал "Барыс" 157 шайба жіберіп алды. Есесіне "Барыс" – ҚХЛ-да ең көп гол соққан команда. Қазақстан клубы 54 матчта қарсыластарының қақпасына 182 шайба тоғытты. Ал Санкт-Петербургтің мақтаулы СКА командасының өзі 175 гол "ғана" соғыпты. Қызық енді басталады. Шабуылы жойқын "Барыс" қорғанысы мығым "Автомобилисті" тас-талқан қыла ма, әлде азуы батпай пұшайман бола ма? Жанкүйер біткенді тықыршытып отырған да осы. Негізі, "Автомобилист" бір-екі гол соғып алып, қорғанысын нығайтып, жеңісті есепті уысында ұстап тұра алатын ұжым... Екі команда биыл екі рет кездесті. 22 қыркүйек күні "Барыс" Астанада Екатеринбург клубын 7:2 есебімен ойсырата жеңсе, 24 қаңтарда "Автомобилист" 6:2 есебімен есе қайтарған. Енді плей-оффта қалай боларына куә боламыз. Алғашқы екі ойын 8 және 9 наурыз күндері Астанада өтеді. Одан кейінгі екі матчтың ысқырығы 11 және 12 наурыз күндері Екатеринбургте безілдейді. Содан кейінгі ойындар қажет болса, алма-кезек екі қалада өтеді. 14 наурызда – елодада, 16 наурызда – Екатеринбургте. Жетінші ойын 18 наурызда Астанада өтуі керек болып белгіленген. Бірақ естеріңізге сала кетейік, екеуара дода төрт жеңіске дейін созылады. Екі команданың біреуі төрт рет жеңіске жетсе, кездесулер доғарылып, қалған матчтар өткізілмейді. Жалпы, Гагарин кубогының алғашқы сатысында кездесетін жұптар төмендегідей боллды: "Шығыс" конференциясы: /1/ "Металлург" (Магнитогорск) – /8/ "Адмирал" (Владивосток) /2/ "Барыс" (Астана) – /7/ "Автомобилист" (Екатеринбург) /3/ "Ак-Барс" (Қазан) – /6/ "Сибирь" (Новосибирск) /4/ "Салават Юлаев" (Уфа) – /5/ "Торпедо" (Нижний Новгород) "Батыс" конференциясы: /1/ "Динамо" (Мәскеу) – /8/ "Локомотив" (Ярославль) /2/ СКА (Санкт-Петербург) – /7/ ЦСКА (Мәскеу) /3/ "Лев" (Прага) – /6/ "Медвешак" (Загреб) /4/ "Донбасс" (Донецк) – /5/ "Динамо" (Рига)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети