Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Испанияның Гранада қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада турнирін жеңіліспен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Испанияның Гранада қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада турнирін жеңіліспен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Хоккейші қыздарымыз алғашқы матчты Канадаға қарсы өткізді. Кездесу 7:1 (3:0, 1:0, 3:1) есебімен аяқталып, қарсыластардың пайдасына шешілді. Қазақстан командасынан жалғыз шайбаның авторы Меруерт Рыспек болды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Универсиаданың хоккей турниріндегі келесі кездесуді Қазақстанның әйелдер құрамасы 7 ақпан күні өткізеді. Қарсыласы - Ресей командасы.
Еске сала кетейік, хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы алғашқы кездесуде Жапония командасын 3:2 есебімен ұтып, Универсиаданы табысты бастады.