Хоккейден Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Виктор Тихонов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хоккейден Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Виктор Тихонов қайтыс болды Виктор Тихонов. ©РИА Новости

Мәскеуде хоккейден әйгілі бапкер, Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Виктор Тихонов қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости ЦСКА клубының бас директоры Игорь Есмантовичке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде хоккейден әйгілі бапкер, Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Виктор Тихонов қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости ЦСКА клубының бас директоры Игорь Есмантовичке сілтеме жасап.

"Бүгін түнгі бірде Виктор Васильевич Тихонов ұзақ дерттен соң ауруханада қайтыс болды. ЦСКА хоккей клубы қайғырып көңіл білдіреді және жерлеуді ұйымдастырудың барлық мәселесін мойнына алады. Қазіргі уақытта онымен қоштасу және жерлеу уақыты белгісіз", - деді Есмантович. Айта кетейік, мұның алдында Виктор Тихоновтың өз бетімен қозғала алмайтыны және үйінен емделіп жатқаны хабарланған болатын. Кейін атақты спортшы ауруханаға жатқызылды.

Виктор Тихонов 1930 жылы 4 маусымда Мәскеуде дүниеге келді. Кәсіпқой хоккеймен 1945 жылдан бері айналыса бастады. Оның арқасында КСРО құрамасы 1984, 1988, 1992 жылдарда Олимпиада алтын медаль алып, 1980 жылғы Олимпиадада күміс медальді иеленді. Сонымен бірге, оның жетекшілігімен КСРО құрамасы 8 рет әлем чемпионы болды, ЦСКА 13 рет КСРО чемпионы атанды. 1998 жылы Виктор Тихоновтың есімі Халықаралық хоккей федерациясының Даңқ залына енгізілді. Сондай-ақ, оның аты Лозаннадағы Олимпиада даңқы мұражайына да жазылды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети