Жалдамалы тұрғын үй кезегі бойынша жүздеген қазақстандыққа SMS келеді: не істеу керек?

Жалдамалы тұрғын үй кезегі бойынша жүздеген қазақстандыққа SMS келеді: не істеу керек?

2026 жылғы 8 маусымда жалдамалы тұрғын үй кезегінде тұрған жүздеген қазақстандыққа пәтерлерді бөлу туралы 1414 нөмірінен SMS жолданады. Кезекте тұрғандар бұл ұсынысты қабылдауы немесе одан бас тартуы тиіс. Бұл қалай жасалады, жалдамалы шаршы метрлер қай жерде беріле бастады және кезекке кімдер тұра алады? Толығырақ ТengriНome материалында.

2026 жылғы 8 маусымда жалдамалы тұрғын үй кезегінде тұрған жүздеген қазақстандыққа пәтерлерді бөлу туралы 1414 нөмірінен SMS жолданады. Кезекте тұрғандар бұл ұсынысты қабылдауы немесе одан бас тартуы тиіс. Бұл қалай жасалады, жалдамалы шаршы метрлер қай жерде беріле бастады және кезекке кімдер тұра алады? Толығырақ ТengriНome материалында.

Жалдамалы пәтерлер қай жерде беріліп жатыр?

Бүгін, 2026 жылғы 8 маусымда Алматы және Талдықорғанда жалдамалы пәтерлерді бөлу басталды. "Отбасы банк" (кезекте тұрғандар арасында тұрғын үй бөлу операторы) ақпараты бойынша, оңтүстік астанада 818 пәтер, ал Талдықорғанда 109 пәтер үлестіріледі.

Жарнама
Жарнама

Талдықорғанда орналасқан ТК мен пәтерлер тізімі:

  • Жалайри даңғылы, 36 (бір бір бөлмелі пәтер);
  • Жалайри даңғылы, 24 (екі бір бөлмелі және бір екі бөлмелі пәтер);
  • Жалайри даңғылы, 22 (бір бір бөлмелі және бір екі бөлмелі пәтер);
  • Өтенай ауылы, "Жастар-3" тұрғын алабы (46 үш бөлмелі пәтер);
  • "Құлагер" шағын ауданы, 24-үй (бес бір бөлмелі, төрт екі бөлмелі және сегіз үш бөлмелі пәтер);
  • "Береке" тұрғын алабы (39 екі бөлмелі пәтер);
  • "Құлагер" шағынауданы, 25-үй (бір екі бөлмелі пәтер).

Алматыда орналасқан ТК мен пәтерлер тізімі:

  • Qargaly city (475 екі бөлмелі және 45 үш бөлмелі пәтер);
  • Shahar city (53 бір бөлмелі, 49 екі бөлмелі және 27 үш бөлмелі пәтер);
  • Kokjiek city (38 бір бөлмелі және 36 екі бөлмелі пәтер);
  • Alem city (37 бір бөлмелі, 15 екі бөлмелі және жеті үш бөлмелі пәтер);
  • Alma city (бес бір бөлмелі және сегіз екі бөлмелі пәтер);
  • Sofia (12 үш бөлмелі пәтер);
  • Time city (сегіз үш бөлмелі пәтер);
  • Medeu city (үш үш бөлмелі пәтер).

    @orken_otbasybank.kz Instagram парақшасынан алынған скриншот

SMS алғаннан кейін не істеу керек?

1414 нөмірінен пәтерлерді бөлу туралы SMS-хабарлама алған қазақстандықтар ұсынысты растауы немесе одан бас тартуы керек. Ол үшін:

  • ЭЦҚ;
  • baspana.otbasybank.kz ("Жеке кабинет" - "Жалдамалы тұрғын үй");
  • ұсынылған баспанаға келісу немесе одан бас тарту қажет.

Бұл рәсімді бес жұмыс күні ішінде орындау керек. Әйтпесе, бөлінген баспана кезекте тұрған келесі адамға беріледі.

Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді кімдер ала алады?

Жалдамалы пәтерден үміткер болу үшін orken.otbasybank.kz сайтында кезекке тұру қажет. Ол үшін баспанаға мұқтаж болу, яғни кейінгі бес жыл ішінде Қазақстан аумағында меншігінде жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс немесе апатты деп танылған үйде тұруы керек.

Жалдамалы тұрғын үйді жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) береді. Бұрын мемлекеттік органдар үй құрылысына өздері тапсырыс беріп, пәтерлерді кезекте тұрғандар арасында бөлсе, қазір әдетте дайын шаршы метрлерді құрылыс салушылардан сатып алады. Ал баспананы бөлу жұмысы "Отбасы банк" арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.

Бұл ретте қолда бар пәтерлердің басым бөлігі (70 пайызы) басымдыққа ие азаматтар арасында бөлінеді. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын сегіз санат:

  1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
  2. Жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер.
  3. Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
  4. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.
  5. Мүгедектігі бар балаларды асырап отырған немесе тәрбиелеп отырған отбасылар.
  6. Жесірлер (тұл ерлер).
  7. "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.
  8. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (тұрғын үйдің жалпы көлемінің 20 пайызы).

Пәтерлердің қалған 30 пайызы кезекте тұрған басқа адамдар арасында бөлінеді.

"Мысалы, бізге бөлу үшін 100 пәтер берілді делік. Оның 70-і бірінші кезектегі сегіз санатқа арналған. Бұл ретте осы 70 пәтердің ішінде 20 пәтер жетім балаларға беріледі. Қалған 30 пәтер бірінші кезектегі санаттарға жатпайтын азаматтар, мысалы, толық емес отбасылар және басқа да санаттар арасында бөлінеді", - деп нақтылады Orken.otbasybank мамандары.

Бөлме саны отбасындағы адам санына байланысты. Әдетте бір адамға 15–18 м² пайдалы алаң есебімен есептеледі.

Бұл ретте кейінгі алты айдағы отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табыс келесі мөлшерден аспауы тиіс:

  • үш және одан көп адамнан тұратын отбасы үшін - екі күнкөріс деңгейінен;
  • екі адамнан тұратын отбасы үшін - 3,5 күнкөріс деңгейінен.
Анықтама: Күнкөріс деңгейі Қазақстанда базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін қолданылады. 2026 жылы бұл көрсеткіш 50 851 теңге.

"Тұрғын үйді бөлу есепке тұрған күн мен табыс деңгейі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте қосымша факторлар ескеріледі: өтініш берушінің санаты, өңірдегі тұрғын үйдің (бөлме саны бойынша) болуы, отбасы мүшелерінің саны және балалардың жынысы. Мысалы, жеті адамнан тұратын отбасына екі бөлмелі пәтер берілмейді, сол сияқты әртүрлі жынысты балалары бар отбасына бір бөлмелі баспана берілмейді, бөлу кезінде тұрғын үй нормалары ескеріледі", - деп нақтылады "Отбасы банк" өкілдері.

Кезек ретін orken.otbasybank.kz сайтындағы "Есепте тұрған азаматтардың тізімі" бөлімінен тексеруге болады.

Тағы оқыңыз:

20 жыл бойы ақша жинау немесе пәтер жалдау: неге Қазақстан жастары баспана сатып алудан бас тартып жатыр?

Тұрғын үй кешені сапасыз салынған ба: мұның себебі неде және оны шешу жолы бар ма?

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама