Бүгінгі жұлдыз жорамал: кімнің махаббатта жолы болады, кім көп қаражат жұмсап қоюы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінгі жұлдыз жорамал: кімнің махаббатта жолы болады, кім көп қаражат жұмсап қоюы мүмкін? Фото:depositphotos.com

2026 жылдың 13 мамырына арналған жұлдыз жорамал, барлық зодиак белгісіне арналған: махаббат, жұмыс, ақша, қарым-қатынас, көңіл күй. Бүгін кім күтуден бас тартуы керек, кімге қызығушылық пайда болады және бүгні кім үшін эмоцияға толы болады. Tengri Life ұсынған астрологиялық болжамды оқыңыз.


2026 жылдың 13 мамырына арналған жұлдыз жорамал, барлық зодиак белгісіне арналған: махаббат, жұмыс, ақша, қарым-қатынас, көңіл күй. Бүгін кім күтуден бас тартуы керек, кімге қызығушылық пайда болады және бүгні кім үшін эмоцияға толы болады. Tengri Life ұсынған астрологиялық болжамды оқыңыз.

Овен
Тоқты
21.03 - 20.04

Бүгін ұсақ-түйек нәрселер: адамдардың баяулығы, кешігіп келген жауаптар, өзгенің селқостығы ашуыңызды тудыруы мүмкін. Бірақ мәселе айналаңыздағыларда емес - сіз жай ғана ұдайы шиеленістен қатты шаршағансыз.

Телец
Торпақ
21.04 - 21.05

Бұрын өзін алшақ ұстаған адам кенеттен сізге қызығушылық таныта бастайды. Ең қызығы - бұл сіз ол туралы ойлауды қойған сәтте орын алады.

Близнецы
Егіздер
22.05 - 21.06

Бүгін кездейсоқ айтылған бір сөз немесе біреудің тарихы сізді маңызды ойға жетелеуі мүмкін. Оғаш сәйкестіктерге бейжай қарамаңыз - олар тегін емес.

Рак
Шаян
22.06 - 22.07

Көңіл күйді көтеру үшін жоспарлағаннан көп қаражат жұмсап қою қаупі бар. Сатып алмас бұрын өзіңізге: "Бұл маған шынымен керек пе, әлде жай ғана басқа нәрсеге алаңдағым келе ме?" деген сұрақ қойыңыз.

Лев
Арыстан
23.07 - 21.08

Бір сәтте телефонды өшіріп, ешкімге жауап бергіңіз келмей қалады. Бұл еркелік емес. Бүгінгі күн сіздің тым ұзақ уақыт бойы үзіліссіз бәріне қолжетімді болғаныңызды аңғартады.

Дева
Бикеш
22.08 – 23.09

Ұзақ уақыт бойы кейінге шегерілген немесе мазаңызды алған шаруаның түйіні тез тарқатылады. Бұл ойыңыздан бір жүк түскендей, күтпеген жеңілдік сезімін сыйлайды.

Весы
Таразы
24.09 - 23.10

Бүгін сіз айналаңыздағылардың назарында боласыз. Тіпті жай ғана әңгіменің өзі кенеттен жанарлар түйісуіне, астарлы ишара мен өзара қызығушылыққа ұласуы мүмкін.

Скорпион
Сарышаян
24.10 - 22.11

Сіз тым көп нәрсені: адамдарды, жағдайды, сезімдерді бақылауда ұстап отырсыз. Бірақ дәл бүгін бәріне бірдей араласудың қажеті жоқ екені белгілі болады.

Стрелец
Мерген
23.11 - 22.12

Үйреншікті өмір ырғағынан кенет жалығуыңыз мүмкін. Жаңа жерлерді, өзге адамдарды көргіңіз келеді немесе ұзақ ойланбастан батыл қадам жасауға ұмтыласыз.

Козерог
Тауешкі
23.12 - 20.01

Біреу сіз көптен бері ойламауға тырысқан тақырыпты қозғайды. Әңгіме күтпеген жерден басталса да, ол сізге шын мәнінде қай бағытта қозғалғыңыз келетінін түсінуге көмектеседі.

Водолей
Суқұйғыш
21.01 - 19.02

Бұл күн кішігірім, бірақ өте дер кезінде жасалған тосынсый сыйлауы мүмкін: жағымды жаңалық, шақырту немесе көңіл күйіңізді бірден көтеретін хабарлама келуі ықтимал.Рыбы

Балықтар
20.02 – 20.03

Сіз қандай да бір жағдайға немесе адамға эмоционалды тұрғыда тәуелді болуды қойғаныңызды түсінесіз. Бұл еркіндік сезімі күннің кез келген маңызды оқиғасынан да артық болады.

Tengrinews