20 қараша 2020 15:27

2020 жылдың ауылы - интернетті белсенді қолданушы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күні бүгінге дейін ауыл дегенде қала адамының көз алдына мал баққан, көмір жаққан, уақыт тоқтаған, күйбеңнен артпаған тіршілік келеді. Бірақ стереотиптер үнемі нақты жағдаймен сәйкесе бермейді. 2020 жылдың ауылы ғаламтордың игілігін түгел қолданады – мемлекеттік қызметтерді тұтынып, тіпті әлеуметтік желіде блогер болып жүрген ауылдықтар қаншама.


Күні бүгінге дейін ауыл дегенде қала адамының көз алдына мал баққан, көмір жаққан, уақыт тоқтаған, күйбеңнен артпаған тіршілік келеді. Бірақ стереотиптер үнемі нақты жағдаймен сәйкесе бермейді. 2020 жылдың ауылы ғаламтордың игілігін түгел қолданады – мемлекеттік қызметтерді тұтынып, тіпті әлеуметтік желіде блогер болып жүрген ауылдықтар қаншама.

"Мен жиі ел кезіп, ауыл аралаймын, - дейді белгілі блогер Жазира Бегалы. – Біраз жылдан бері ауыл тіршілігі, әр өңірдің өмірі жайлы жазып жүрмін. Соңғы кезде көптеген ауылға, тіпті шағын ауылдарға да интернет жеткенін байқап жүрмін. Фото түсіріп, еш қиындықсыз желіге жүктеп жүрміз. Желіде күнде көріп жүрміз ғой, ауылдағы интернет жайлы көп айтылады, сынайтындар да жетіп жатыр. Бірақ шынымен ауыл аралап, ондағы оң өзгерістерді, ауыл адамының да қазір виртуалдық өмірі барын өз көзімен көріп жүргендер аз".

Жуырда Tele2/Altel мобильді байланыс операторы өз желісінің мобильді интернет трафигінің ауылдық елді мекендерде қолданылуы жөніндегі деректерді жариялады. Биыл тоғыз айда ауыл тұрғындары жүздеген миллион гигабайт жұмсап үлгерген.

"Мен өзім де ауылдан шыққанмын, - дейді мобильді оператордың қолдау қызметінің қызметкері Сайбекова Назгүл, - карантин басталып, бізді қашықтан жұмыс істеуге жібергенде, мен туған ауылыма, ата-анамның құшағына оралдым. Міне, жеті айдан бері абоненттерге Жандосов ауылында отырып қызмет көрсетіп келемін. Менің жұмысым сапалы мобильді интернетке тікелей байланысты болғандықтан, сигналдың қазіргі сапасына қуанып отырмын".

Цифрлар да осыны растайды. 2020 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін Tele2/Altel мобильді интернет трафигі ауылдарда 2019 жылғымен салыстырғанда орта есеппен 52 пайызға өскен. Әсіресе Қызылорда облысының ауыл аудандарында өсім айтарлықтай жоғары - +72 пайыз.

Компания мамандары келер жылы өсу динамикасы бұдан да жоғары боларына сенімді. Өйткені Қазақстанның шалғайдағы ауылдарын ғаламторға қосу жұмысы қарқынмен жүріп жатыр. Ауыл тұрғындарына цифрлық игіліктердің көмегімен жұмыс істеу, оқу, кешін көңілді өткізу мүмкіндігін беру үшін еліміздің мобильді операторлары 250+ жобасын іске асырып отыр. Мұндағы 250 – ауыл саны емес, интернет баратын ауыл тұрғындарының саны. Жалпы, елімізде тұрғын саны 250-ден асатын мыңға жуық ауылға ғаламтор жеткізіледі. Яғни, республика бойынша интернет қолданушылардың саны жарты миллионға көбейеді.

Мобильді интернеттің дамуы ауыл өмірін қалай өзгерткені жайлы көп айтуға болады, бірақ оны өзінің де, өзгенің де кәдесіне жаратып отырған ауыл адамының қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз онлайн курстар арқылы ағылшын тілін үйреніп алып, енді оны Шиелі мектебінде, балабақшаларда балаларға үйретіп жүріп әлеуметтік желіге танылған жас ауыл мұғалимасы Омарова Сымбатты іздеп таптық.

"Қол қусырып отыра бермей, қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалану керек деп ойлаймын. Ауылымызға интернет келгеннен-ақ тіл үйренуге ден қойдым. Онлайн сабақтардың арқасында туыстарымнан алыс кетпей-ақ, айналасы бір жылда түсініп, тез үйреніп кеттім, интернеттен түрлі керекті дүниелерді қарап, балабақшаға түрлі көрнекіліктер де жасаймын, - деп ағынан жарылды Сымбат, - оқушыларға да үйреткім келді. Балалармен жұмыс істегенді өте жақсы көремін. Алдыма мақсат қойып, соған қол жеткіздім. Әрине, бұл – ауылымызға келген интернеттің арқасы".

Сарапшылардың пікірінше, ауылдағы интернеттің дамуы кез келген елдің тұтастай дамуында аса маңызды орын алады. "Деректер заманы - 2025" баяндамасында айтылуынша, адам құрылғыларды бір рет қолға алғанда 18 секунд қолданады деп есептесек, келесі онжылдықтың ортасына қарай Жер шарының әр тұрғыны желіге қосылған құрылғыларды күніне орта есеппен 4800 рет қолданады.

Ал сіз қазір желіні күніне қанша рет қолданасыз?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети