6G қашан және қай елде пайда болатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

6G қашан және қай елде пайда болатыны айтылды

Жапония 2030 жылға қарай 6G байланысын іске қосуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Популярная механика" cайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жапония 2030 жылға қарай 6G байланысын іске қосуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Популярная механика" cайты.

Басылымның мәліметінше, бұл байланыс түрін Ішкі істер және коммуникация министрлігі Токио университетінің ғалымдарымен бірігіп жүзеге асырмақшы.

Мамандардың айтуынша, 6G 5G-мен салыстырғанда 10 есеге көп жылдамдықпен жұмыс істеп, кез келген мәліметтің жедел таралуына әсер етеді. Осы жоба аясында Жапония 2,03 миллиард доллар жұмсамақшы. 

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп та 6G байланысын іске қосу қажет екенін айтқан болатын.

"Мен Америка Құрама Штаттарында 5G және 6G форматында интернеттің тезірек іске қосылғанын қалаймын. 6G өте мықты, жұмыс істеу технологиясы да жылдам. Америкалық компаниялар өз кезегінде барынша тырысуы керек, әйтпесе басқалардан қалып қалады", - деп жазған еді Трамп 2019 жылдың басында Twitter желісіндегі парақшасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course down  604.47  course down  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети