Facebook технологияны ұрлау ісі бойынша сотта жеңіліп қалды

02 Ақпан 2017, 10:18
0
Facebook технологияны ұрлау ісі бойынша сотта жеңіліп қалды - © scitech-news.ru
© scitech-news.ru

Facebook технологияны ұрлау ісі бойынша өткен сотта жеңіліп қалды. Енді компания шағым түсірушіге 500 миллион доллар төлеуге міндеттелді, - деп хабарлайды "Газета.Ru".

Басылымның мәліметінше, сотқа ZeniMax студиясы шағым түсірген. Facebook 2014 жылы Oculus стартапын иемденбей тұрып, студия Facebook-тің VR-технологиялар бойынша маманы Лак Палмерді заңсыз түрде зияткерлік меншігін иемденді деп айыптаған.

Содан ZeniMax студиясы сотқа шағым түсіріп, Facebook-тен алты миллиард долларды өндіріп алмақшы болған. Алайда сот айыппұл ретінде 500 миллион доллар төлеу туралы шешім шығарған. Енді Facebook компаниясындағылар апелляцияға бермекші.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай