19 қыркүйек 2018 | 12:26

GetContact сот шешімі бойынша бұғатталды - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

GetContact сот шешімі бойынша бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі директоры Ержан Біржанов мәлімедеді. 


Иконка комментария блок соц сети

GetContact сот шешімі бойынша бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі директоры Ержан Біржанов мәлімедеді. 

"GetContact - бұл ресурс сот шешімі бойынша бұғатталды, біз оны іске асырдық", - деді Біржанов сұраққа жауап беріп. 

ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі директорының айтуынша, осы қосымшаның Желіде кейде шығып тұратыны жайлы да айтты. 

"Бұл жағдайлар жаңа нұсқаларының шығуына байланысты. Жаңа нұсқа пайда болғанда, ол жаңарады. Ол шешім шығарылмайынша жұмыс істей беруі мүмкін", - деді Ержан Біржанов. 

2017 жылы Мемлекеттік техникалық қызметі Ұлттыұ қауіпсіздік комитетінің қарамағына өтті. Мекеме мемлекеттік монополияға қатысы бар ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз ету саласында жұмыс істейді

Кәсіпорын мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
ақпараттандыру саласында:
- ақпараттық жүйеге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына және мемлекеттік органның интернет-ресурсына олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізеді;
- Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін техникалық қолдап отыруды;
- Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және халықаралық байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды жүзеге асырады.
- "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің қорғалуын қамтамасыз етудің мониторингін жүзеге асырады;
- "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің мониторингін жүзеге асырады;
- мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қауіпсіз қолдану және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мақсатында оларды мониторингтеуді жүзеге асырады және тағы басқалары. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети