15 қазан 2014 | 14:59

Google Translate қазақ және ағылшын тілдерін білетіндерді әріптестікке шақырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Google Translate қазақ және ағылшын тілін білетіндерді қызметтестікке шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада "Google Translate + Kazakh" жобасының авторы - WikiBilim Қоғамдық қоры қазақ тілін Google аудармашы жаһандық жүйесіне енгізу бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Google Translate қазақ және ағылшын тілін білетіндерді қызметтестікке шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада "Google Translate + Kazakh" жобасының авторы - WikiBilim Қоғамдық қоры қазақ тілін Google аудармашы жаһандық жүйесіне енгізу бойынша жұмыс жүріп жатқанын хабарлады.

Қазақ және ағылшын тілін білетін қазақстандықтарға Google жүйесіне енген сөздер мен сөз тіркестерін бағалау ұсынылып жатыр. "Translate + Kazakh" жобасына атсалысамын дейтін әрбір адам оған қатыса алады, ол үшін https://translate.google.kz/community жаңарған сілтемесіне кіру керек. Жоба қатысушылары берілген сөзді немесе сөз тіркесін ағылшын тілінен қазақ тіліне немесе керісінше аудара алады, аударылған сөздердің сапасын бағалап немесе аударылған сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыстығын растай алады. Мұндай операцияға 5 минуттан артық уақыт кетпейді", - деді Wikibilim Қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы. 

Осы уақытқа дейін қор 2014 жылдың қаңтарына дейін жиналған мәтіндер базасын бағалап, экспертиза жасады. Қазірде компанияға жүйенің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған сөздерін бағалау мен олардың дұрыстығын растауға және жаңа сөз бен сөз тіркестерін аударуға көмек қажет.

"Біз барлық қазақстандыққа аздаған уақыт тауып, туған тіліміздің әлемнің ең танымал аударма жүйесіндегі тілдер тобына кіруіне көмектесіңіздер деп үндеу жасаймыз!", - деді Рауан Кенжеханұлы. Бұл, оның ойынша, қазақ тілінің Google Translate жүйесінде пайда болуын тездетеді. 

Google Translate реестрінде қазақ тілінің пайда болуы туралы 2012 жылы белгілі болды. Кейін Астанада Wikibilim қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы қазақ тілін аударма сервисіне 2014 жылдың соңына дейін қосуды қарастыратын жобаны таныстырды.  

Google Translate жүйесіне қазақ тілін қосу - WikiBilim қорының қазақша интернеттің дамуына бағытталған жобаларының бірі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети