Instagram Stories сервисі Snapchat желісімен тікелей сайысқа түспек

03 Тамыз 2016, 14:33
0
Instagram Stories сервисі Snapchat желісімен тікелей сайысқа түспек - © Instagram
© Instagram

Facebook желісіне тиесілі әлемге әйгілі Instagram әлеуметтік желісі, жаңа бір Instagram Stories деген сервисті іске қоспақ. Жаңа сервистің арқасында суреттер мен қысқа роликтерді әр түрлі түске бояп, эмикондар мен мәтін жазуға болады, - деп хабарлайды ВВС.

Snapchat желісі секілді Instagram енді суреттер мен видеоларды және слайд-шоуларды 24 сағат уақытқа салуға болады, осы уақыт өткеннен кейін автоматты түрде өшіріліп отырады.

2011 жылы шыққан Snapchat миллениалдар, жасөспірімдер, жеке өмірді құрметтеушілер арасында кең таралған. Ондағы мәтіндер оқылғаннан соң, ал посттар бір тәуліктен соң өшіп отырады. Бұл 2012 жылы 1 миллиард долларға сатып алған Instagram желісімен Snapchat арасындағы соңғы қақтығыс. Facebook Snapchat желісін сатып алуға осыдан үш жыл бұрын 3 миллиард доллар ұсынған, алайда ол кері жауап қайтарған.

Snapchat жас жеткіншектер арасында кең тараған, себебі олар ата-аналарының өздері қалдырған посттарды оқығанын қаламайды. Facebook әлеуметтік желісінде 1,7 миллиард қолданушысы бар. Жақында Snapchat Twitter желісін басып озды. Оның күндізгі аудиториясы 150 иллион адамды құраған. Қазіргі бағасы 18 миллиард теңгені құрайды.

Instagram Stories қосымшасы тек АҚШ-та ғана қолжетімді, алайда жақын арада оның әлемдік премьерасы өтетін болады.

"Бұл біздің видеочат әлеміне жасаған тағы бір қадамымыз. Адамдар қазірдің өзінде көптеп видеоматериалдар шығаруда, біздің қосымшамыз осы мәселені жеңілдетеді", - деді Facebook желісін құрған Марк Цукерберг.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай