12 мамыр 2016 09:31

Instagram ашылғалы бері тұңғыш рет дизайны мен логотипін түбегейлі өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram компаниясы ашылғалы бері тұңғыш рет ірі редизайн жасады. Барлық қосымшаның логотипі өзгерді, ал Инстаграмның өзі ақ және қара түсті дизайнға өтті, - деп хабарлайды TJournal.


Instagram компаниясы ашылғалы бері тұңғыш рет ірі редизайн жасады. Барлық қосымшаның логотипі өзгерді, ал Инстаграмның өзі ақ және қара түсті дизайнға өтті, - деп хабарлайды TJournal.

2010 жылы Instagram ашылғанда оның логотипі Polaroid OneStep ретро-камерасының суреті болған еді. Бес жыл бойы танымал бола түскен қосымшаның белгісі өзгермей келді. Тек 2013 жылы сызбасы өзгеріпті.

Сервис өкілдерінің айтуынша, жаңа логотипте сервистің қалайша өзгергені және оның айналасында пайда болған көптүрлі қоғамдастықтың пайда болуы көрсетілген. Сонымен қатар, логотип бұрынғы қалпын сақтап, бірден танитындай болуы керек еді, сондықтан қазірдің өзінде бұрынғы instant-камераның детальдарын байқауға болады.  

"Жұмыс барысында компаниядағы әріптестерімізден бес секундтың ішінде Instagram логотипін еске алуды сұрадық. Барлығы кемпірқосақты, объективті және көрсеткіш тетікті салды. Осы мәліметті алғаннан кейін бұл элементтерді жаңарған қалыпқа салдық, бірақ адамдар танитындай еттік әрі әртүрлілігін сақтадық", - деді компанияның дизайн жөніндегі басшысы Иен Спалтер.

 

Today we’re introducing a new look. You’ll see an updated icon and app design for Instagram. Inspired by the previous app icon, the new one represents a simpler camera and the rainbow lives on in gradient form. You’ll also see updated icons for our other creative apps: Layout, Boomerang and Hyperlapse. We’ve made improvements to how the Instagram app looks on the inside as well. The simpler design puts more focus on your photos and videos without changing how you navigate the app. The Instagram community has evolved over the past five years from a place to share filtered photos to so much more — a global community of interests sharing more than 80 million photos and videos every day. Our updated look reflects how vibrant and diverse your storytelling has become. Thank you for giving this community its life and color. You make Instagram a place to discover the wonder in the world. Every photo and video — from the littlest things to the most epic — opens a window for people to broaden their experiences and connect in new ways.

Видео опубликовано Instagram (@instagram)

iOS және Android платформаларындағы смартфондарда Instagram 11 мамырда түнгі уақытта өзгерген.

Айта кетейік, бұл қосымшаны ай сайын 400 миллион адам қолданады, олардың төрттен бір бөлігі АҚШ-та. Сервисте күн сайын 80 миллион сурет пен видео жарияланады. Ал жалпы жарияланымның саны 40 миллиардтан асқан. Күн сайын қолданушылар бұл сервисте 21 минут болады екен, күн сайын 3,5 миллиард лайк қойылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети