Instagram жаңа жүйені іске қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram жаңа жүйені іске қосты

Instagram әлеуметтік желісі бір жазбаға ондаған фото мен видеоролик орналастыра алатын жаңа жүйені іске қосты, - деп хабарлайды Вести Hi-tech TechCrunch порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram әлеуметтік желісі бір жазбаға ондаған фото мен видеоролик орналастыра алатын жаңа жүйені іске қосты, - деп хабарлайды Вести Hi-tech TechCrunch порталына сілтеме жасап.

Қолданушы кез келген жазбаны бөліскенде, онда көк түсті нүкте тұрады. Ол нүкте жаңа форматты білдіреді. Яғни, қолданушы онда бірден бірнеше фото мен видероликті көре алады. "Жақын досыңыздың туған күн кешіне арналған тосынсыйдымен қатар, туған күнге дайындалған сәттеріңізді бөлісе аласыздар", - деді компаниядағылар.

Сондай-ақ, Instagram компаниясы өкілдерінің айтуынша, енді қолданушыларға тек бір видео немесе бір фото таңдау қажет болмайды. Қолданушылар жазбасындағы фото мен видеолардың әрқайсысына жеке-жеке фильтр таңдай алады немесе барлығына бірден бір фильтр таңдап, достарын белгілей алады. Сондай-ақ, әр фотоның сипаттамасы, оның қайда түсірілгені және ол суреттер мен видеоларға қойылған лайктар пен пікірлер әрбір жазбада көрінетін болады. 

Басылымның мәліметінше, жаңа жүйе жуырдағы апталарда iOS- және Android құрылғыларына қолжетімді болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети