QIWI төлем сервисі клиенттерінің есепшотынан ақша жоғалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©visa.qiwi.com ©visa.qiwi.com

Ресейлік QIWI Wallet төлем сервисінің қазақстандық клиенттері есепшоттарындағы ақшаның жоғалып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік QIWI Wallet төлем сервисінің қазақстандық клиенттері есепшоттарындағы ақшаның жоғалып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдымен браузер QIWI Wallet порталына кіргізбеді, басында оған мән бермедім. Кейін қауіпсіз емес жүйе арқылы енген кезде, сайт ұзақ ашылды. Мен жеке басты куәландырып, код енгізуді талап еткен хабарлама көрдім. Ешқандай мәлімет енгізбедім. Бірақ бетті жаңартқан кезде, есепшотта ақша жоқ екенін көрдім. Техникалық қызмет компьютерге вирус кірген деп отыр ", - дейді зардап шеккендердің бірі, Астана тұрғыны Әзиз Әпсәлямов.

Төлем сервисінің әкімшілігі Әпсәлямовқа жауап қайтарды, олар аталған Visa QIWI Wallet есепшотындағы ақшаны белгісіз біреулер алғанын айтты. Сервис өкілдері есепшотқа үшінші тұлғалар заңсыз қол жеткізген деп топшылайды. "Сізге алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғату үшін құқық қорғау органдарына хабарласу қажет", - делінген клиентке қайтарылған жауапта.

QIWI Wallet-тің "Вконтакте"-дегі парағына Әпсәлямовтан бөлек, тағы сегіз адам шағымданған. Олар полицияға шағымданғалы отырғанын айтады. QIWI Wallet-тің Қазақстандағы коммерциялық директоры Максим Худоногов Tengrinews.kz тілшісіне шағымдар бойынша ақпарат жиналып жатқанын хабарлады. "Әзірше қанша адамның шағымданғанын және қандай сома туралы әңгіме болып жатқанын айта алмаймын. Соңғы аптадағы ақпараттарды өңдеу үшін бір күн кетеді, негізі, біз бұл арандатушылық әрекет деп шамалап отырмыз", - деді ол.

QIWI Wallet - Ресей мен ТМД елдеріндегі төлем сервисі. Оның клиенттері дүкендер мен Интернетте тауарлар мен қызмет түрлері ақысын төлеу үшін қолма-қол ақшаны, алдын ала төленген карталарды және есептесудің басқа да әдістерін қолдана алады. Қолма-қол және электронды есептесу бірыңғай жүйеге біріктірілген.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer