Абаев латын әліпбиіне көшкен соң .ҚАЗ домендерінің қалай пайдаланылатынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абаев латын әліпбиіне көшкен соң .ҚАЗ домендерінің қалай пайдаланылатынын айтып берді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев латын әліпбиіне көшкен соң .ҚАЗ домендерінің қалай пайдаланылатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев латын әліпбиіне көшкен соң .ҚАЗ домендерінің қалай пайдаланылатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, латын әліпбиіне 2025 жылы көшу жоспарланып отыр. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын жүргізу, мерзімді басылымдар және оқулықтардың барлығы латын әліпбиінде басылып шығарылады. Сондай-ақ, 2017 жылдың соңына дейін жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартталған нұсқасын енгізу жоспарланып отыр.

"Қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартталған нұсқасын қабылданған соң министрлік .ҚАЗ домендерін латын әліпбиіне аудару бойынша жұмыстар жүргізеді", - деп түсіндірді Абаев.

Еске сала кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа латын әліпбиі көрсетілген болатын. "Бұл күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Оған көптеген адам қатысты. Латын қарпіне көшу туралы идея біз тәуелсіздік алған кезден туындаған болатын. Қазақ жазуының латын қарпіне көшуі әрдайым менің айрықша бақылауымда болды", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети