Сурет securitylab.ru сайтынан алынды
АҚШ-тағы 70 миллион несие карта мәліметтері вирус көмегімен ұрланған, ал оның "жекелей тұстарында орысша жазба бар" дейді Wall Street Journal газетіне сілтеме жасаған РИА Новости ақпараттық агенттігі. Америкалық сауда компанияларының құлағына жеткен сыбыс бойынша, бұл туралы АҚШ үкіметінің құпия баяндамасында айтылыпты. Агенттік бағдарлама тілінде тікелей орыс сөзі кездеспейтінін, яғни мұның вирусқа қойылатын кодқа қатысты болуы мүмкіндігін нақтылайды. Сондай-ақ вирусты арнайы бағдарламалар анықтай алмағаны, Target дүкен желілерінен тыс басқа да ритейлерлер де вирустық шабуылға тап келгендігі белгілі боп отыр. "Вирусты жасаушы хакерлер айырықша өнертабыс иесі екендігін әрі білігінің мықтылығын осылайша баршаға жариялауда" депті баяндама авторлары. Алайда АҚШ үкіметіне енді вирусты анықтаудың жолы белгілі, олар онымен қалай күресуге болатындығын да көрсете алады. 2013 жылдың соңында Target компаниясы өз жүйесіне әлдекімдердің бұзып кіргенін, сөйтіп миллиондаған несие карта мәліметтері ұрланғандығы туралы мәлімдегенін еске сала кетелік. Хакерлер компания тұтынушыларының несие және табыс карталары мәліметтері сақталған серверді 27 қараша мен 15 желтоқсан аралығында бұзған болуы керек. Вирус көмегімен хакерлер компания тұтынушыларының аты-жөнін, мекен-жайын, телефон нөмірлерін және электрондық поштасын біліп алған.
АҚШ-тағы 70 миллион несие карта мәліметтері вирус көмегімен ұрланған, ал оның "жекелей тұстарында орысша жазба бар" дейді Wall Street Journal газетіне сілтеме жасаған РИА Новости ақпараттық агенттігі.
Америкалық сауда компанияларының құлағына жеткен сыбыс бойынша, бұл туралы АҚШ үкіметінің құпия баяндамасында айтылыпты. Агенттік бағдарлама тілінде тікелей орыс сөзі кездеспейтінін, яғни мұның вирусқа қойылатын кодқа қатысты болуы мүмкіндігін нақтылайды.
Сондай-ақ вирусты арнайы бағдарламалар анықтай алмағаны, Target дүкен желілерінен тыс басқа да ритейлерлер де вирустық шабуылға тап келгендігі белгілі боп отыр. "Вирусты жасаушы хакерлер айырықша өнертабыс иесі екендігін әрі білігінің мықтылығын осылайша баршаға жариялауда" депті баяндама авторлары. Алайда АҚШ үкіметіне енді вирусты анықтаудың жолы белгілі, олар онымен қалай күресуге болатындығын да көрсете алады.
2013 жылдың соңында Target компаниясы өз жүйесіне әлдекімдердің бұзып кіргенін, сөйтіп миллиондаған несие карта мәліметтері ұрланғандығы туралы мәлімдегенін еске сала кетелік.
Хакерлер компания тұтынушыларының несие және табыс карталары мәліметтері сақталған серверді 27 қараша мен 15 желтоқсан аралығында бұзған болуы керек. Вирус көмегімен хакерлер компания тұтынушыларының аты-жөнін, мекен-жайын, телефон нөмірлерін және электрондық поштасын біліп алған.